Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22955686
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2165 10213 58527 22681849 169934 270568 22955686 Сіздің IP: 216.73.216.37
Уақыт: 2026-07-19 05:36:37
|
Толеранттылық күніне арналған «Адамгершілік мектебі»
17 және 18 қараша аралығында Толеранттылық күніне арнап «Ровесник» қоғамдық клубы бірнеше іс-шара өткізді. 17 қараша күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде өткізілген «Адамгершілік мектебі» барысында балалар еріктілік іс-әрекетке бағыттайтын әңгіменің қатысушылары болды. Олар «Құмыра» презентациясын тамашалап, мейірім мен зұлымдық туралы аңызды тыңдады, өз ойларымен бөлісті. Барлығы 24 бала қамтылды.
18 қараша күні «Дос балалар» ойын бағдарламасымен №28 және №41 метептерге шығу болды. «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері Касымова Фариза, Альжанова Ботагөз, Каниева Айзада мектеп жасына дейінгі және кіші жастағы оқушылар үшін танымдық-ойын бағдарламасын өткізді. Балалар ән айтты, өлең оқыды, би биледі. Бұл іс-шараға 79 бала қатысты. |














