Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15456538
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1153 10648 78721 15091652 110901 367126 15456538 Сіздің IP: 18.97.9.170
Уақыт: 2024-12-07 01:45:24
|
«Шуақты жаз – Радужное лето»
«Шуақты жаз – Радужное лето» - бұл Павлодар қаласының жағдайында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді бағдарлама. Оны Павлодарлық Оқушылар сарайының шығармашылық тобы әзірледі, ал бұл жобаның жүзеге асуына М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының бүкіл педагогикалық ұжымы ат салысты. Бұл бағдарламаның көмегімен ойын әрекетінің үлгісін қалыптастыру арқылы тиімді тәрбиелік, дамыту және сауықтыру кеңістігі құрылды.
Осы кезеңде 4 негізгі станция: «Алтын қоржын» этностанциясы, «Ақ бұлақ» экостанциясы, «Өрлеу» станциясы, «Арт әлем» станциясы, «Радуга детства» станциясы, «Мультимедиа әлемі» станциялары жұмыс істеді. Жұмыс белгілі траектория бойынша құрылды: мектеп жанындағы балалар лагеріне арналған «Лагерь күні», «Бағдарлаудың ауысым күні» бағдарланған жасақтар мен «Жас Ұлан» жасағына арналған және денсаулығына қарай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған«Балалық шақ күні». Осы қағидаға «тәуекел тобының» балаларымен жұмыс та енгізілді. «Шуақты жаз – Радужное лето» бағдарламасы 7-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге бағдарланған. 2 маусым ішінде 2 маусымнан 11 шілдеге дейін 7000 астам бала мен жасөспірімдер қамтылды, оның ішінде жетімдер, жағдайы нашар отбасы балалары, сонымен бірге КГУ «Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету облыстық орталығы» КММ балалары бар. «Шуақты жаз – Радужное лето» бағдарламасының құндылығы, алдымен, жаз мезгілінде оқушыларға арналған жалпықалалық бос уақытты қамтудың жаңа форматтың құрылуында. Бұл бағдарлама жазғы демалыс кезінде қаладан кетуге мүмкіндігі жоқ балалар мен жасөспірімдерге күн сайын екі сағат бойы ересек достармен бірге таза ауада ойнауға, ұжымдық шығармашылық істерге қатысуға мүмкіндік берді. Станция жұмысының шеңберінде өткізілетін шығармашылық істерде балалардың қатысуы мен белсенділігін атап өткен жөн. Ең бастысы – осының бәрі шығармашылық пен ойын арқылы жүргізілді,ол деген бала көңіліне жақын - дүниелер. |