Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12802846
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
23
5749
22918
12574557
121299
375712
12802846

Сіздің IP: 3.146.105.194
Уақыт: 2024-04-19 00:04:05

Балалық шақ әркімге бір-ақ рет беріледі!

2014.06.01 04 Балалық шақ әркімге бір-ақ рет беріледі!

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 1 маусым ерекше қызықты, жарқын әрі көңілді өтті. Бұл күні Оқушылар сарайының алаңында 13 ойын алаңы жұмыс істеді.

Мерекені «Қос қуаныш» шоу-фестивалі ашты, оған 5-17 жас аралығындағы 25 жұп павлодарлық егіздер қатысты. Қызықты «егіздер» авангардты костюмдерін көрсетті, флэш-моб орындады.

 

2014.06.01 05 Балалық шақ әркімге бір-ақ рет беріледі!

1000 аса балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ойын алаңдарына қатысты, онда балаларды қызықты ойындар, конкурстар, шеберлік сабақтар күтіп тұрды. Мысалы мынадай, «Арт - салон» жас суретшілер аллеясы мен «Мейк ап» визажисттер салоны, «Батпырауық» ұшыру, «Буриме» » әдеби турнирі, «Скаут хайк» скаут қызықтары, «Формула - 1» автомодель сүюшілеріне арналған «Формула - 1» жарысы, «Көкжиек әлемінде» асфальтта сурет салу конкурсы, «Мерген» спорттық жарыс аллеясы, жас тілшілерге арналған «Еркін микрофон», «Жас эколог» экологиялық лото, , «Асфальт гүлдері» брейкерлер фестивалі мен би флэш-мобы (көпшілікке арналған би).

Мерекеде «Шеберлер қаласы», «Солдат портреті», «Граффити-шоу» және «Туған жер» облыстық бейнелеу өнері конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

2014.06.01 06 Балалық шақ әркімге бір-ақ рет беріледі!

Мерекенің қонақтарына Сарайдың үздік ұжымдары: «Свет звезды» үлгілі ән-театры, «Блэйз» эстрадалық үлгілі би студия, «Жас дәурен» вокалдық студия «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы, «Вдохновение» үлгілі би ансамблі, «Дебют» авторлық студия, «Нежность» хореографиялық студия, «Жас даурен» вокалдық студия, «Арман-шоу» театр-студиясы, «Анастасия» спорттық би клубының тәрбиеленушілері өнер көрсетті

Түсініктемелер қосу