Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21530556
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6572 8765 15337 21255117 25728 430355 21530556 Сіздің IP: 216.73.216.102
Уақыт: 2026-03-03 13:27:36
|
«Үздік Ұлан 2014»
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында 19 мамырда Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлескен қалалық, аудандық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдары көшбасшыларының «Үздік Ұлан» облыстық конкурсы өткізілді. «Жас Ұлан» конкурсы балалар-жасөспірімдер ұйымдарының жұмысын насихаттауға және көшбасшылық қабілеті бар жасөспірімдерді анықтауға бағытталды. Конкурсқа Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары, Шарбақты, Май, Қашыр, Лебяжье, Ертіс, Успенка, Павлодар мен Железинка аудандарының 11 Ұланбасылары қатысты. Барлық қатысушылар аудандық іріктеу кезеңінен өтті.Олар өз ұйымының жұмысы жайлы бейне-ролик түсіріп, тұсаукесер жасады,портфолио әзірледі. Конкурс 3 сайыстан тұрды: «Визитка – тұсаукесер» сайысы бойынша үй тапсырмасын орындау, балалар-жасөспірімдер ұйымындағы өзінің қоғамдық жұмысын, әлеуметтік жобаларға қатысуы мен жұмыс нәтижесін көрсетуі қажет; «Мен ұлы елдің азаматымын» сайысы біздің Республиканың Тәуелсіздігіне арналды; «Еркін микрофон» сайысы конкурс қатысушыларына өздерінің құрдастары-жасұланшыларға тілектері мен ойларын жеткізуге мүмкіндік берді. «Үздік Ұлан» облыстық конкурстың жеңімпазы - Беймурзинов Дәулет. Ол Екібастұзға «Жас Ұлан» БЖҰ ауыспалы кубогын алып кетті. 1 орынға Шарбақты ауданынан Құрманғазинова Наргиза ие болды, 2 орынды Лебяжье ауданының көшбасшысы Тілеген Көгершін мен Ақсу қаласының көшбасшысы Каиржанова Адия бөлісті, 3 орынды Успенка ауданынан Иманқұлова Айнагүл мен Железинка ауданынан Пупкова Александра иеленді. |














