Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16416401
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10270 20398 68377 16078164 97079 460667 16416401 Сіздің IP: 3.128.79.193
Уақыт: 2025-02-07 18:40:30
|
Ерлік сабағы
Ерлік, батырлық, қайсарлық туралы сөз қозғаған кезде, әрбір адамның санасынада Ұлы ОТан соғысы жылдары еске түсері анық. Биыл Жеңіске 69 жыл толып отыр. Айтулы мерекені еліміз абыроймен атап өтті. Біздің Оқушылар сарайындада осыған байланысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның біреуі 6 мамыр күні әдіскер Сыздыкова Асем Кабдуллаевна өткізген «Ерлік сабағы». Бұл іс-шараға қала мектептерінің оқушылары қатысты. Жетекшілері де әр түрлі станциялар бойынша дайындалған тапсырмаларға балалармен бірдей жауап берді. Станцияларда әскери әндер, ардагерлер есімі берілген қала көшелері, Павлодар облысының Кеңес Одағы Батыры атағын алған жауынгерлер және жалпы Ұлы Отан соғысына қатысты деректер бойынша тапсырмалар орындалды. Айта кететіні, барлық топтар қанағаттанарлық білім көрсетті. Ал кей жерлерде олардың білім деңгейлері таң қалдырды. Өзінің елінің тарихына немқұрайлы қарамайтын жастар осындай болмақ.
Барлығымызды Жеңіс мейрамымен құттықтаймыз! Аспанымыз әркез ашық болып, бейбітшілігіміз мәңгілікке жалғассын! |