Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24689573
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
18217
21605
18217
24448750
97686
375807
24689573

Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:33:22

«БІР ЕЛ – БІР ХАЛЫҚ – БІР БОЛАШАҚ!»

«ОДНА СТРАНА – ОДИН НАРОД – ОДНО БУДУЩЕЕ!» «ОДНА СТРАНА – ОДИН НАРОД – ОДНО БУДУЩЕЕ!»
«ОДНА СТРАНА – ОДИН НАРОД – ОДНО БУДУЩЕЕ!» «ОДНА СТРАНА – ОДИН НАРОД – ОДНО БУДУЩЕЕ!»

Қазақстан Республикасы күніне орай М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп патриоттық батл ұйымдастырылды. Іс-шараға 50 оқушы қатысып, ел тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен командалық рухын көрсетті.

Қатысушыларды бірнеше қызықты кезең күтіп тұрды. «Тарих сөйлейді» кезеңінде Қазақстан тарихы бойынша білімдері сыналса, «Рәміздер сөйлейді» бөлімінде мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтар туралы сұрақтарға жауап берді. «Қауіпсіз ел – қауіпсіз болашақ» кезеңінде төтенше жағдайлар мамандары қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
Ал «Болашақ Қазақстан» шығармашылық кезеңінде оқушылар қаланы дамыту, волонтерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу жөнінде өз идеяларын ұсынды.
Іс-шара патриотизмнің туған жерді сүюмен ғана шектелмейтінін, ел болашағына жауапкершілікпен қарау, қоғамға пайда келтіру және ортақ іске үлес қосу екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Батл соңында қатысушылар «Менің елім! Менің Қазақстаным!» патриоттық трендіне қатысып, бірлік пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

 

 

Түсініктемелер қосу