Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24435952
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6585 19839 38499 24148758 219872 527623 24435952 Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-10-14 09:06:24
|
«Мобильді әдіскер»: тәрбие жұмысындағы тиімді тәсілдер
Тәрбие құндылықтарын күнделікті жұмысқа қалай енгізуге болады? Мектеп пен ата-ананың байланысын қалай нығайтуға болады?
Бұл мәселелер 9 қазанда Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында «Мобильді әдіскер» жобасы аясында өткен «Адал азамат» бағдарламасы бойынша семинар-практикумда талқыланды. Іс-шараны М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімі «Адал азамат» өңірлік жобалық кеңсесінің тренерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, ата-аналар клубтарының жетекшілері мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты. Пленарлық отырыста жобалық кеңсе тренері, Павлодар технологиялық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г. К. Теміржанова бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асырудың негізгі тәсілдерін таныстырды.
|














