Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24351352
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1226
9794
46352
24026337
135272
527623
24351352

Сіздің IP: 216.73.217.83
Уақыт: 2026-10-09 01:54:52

«Күзгі асар» – бала қиялы мен табиғат үндестігі

«Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы «Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы
«Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы «Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы

М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Күзгі асар» облыстық жәрмеңке-көрмесі өтті. 
Көрмеге Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларынан іріктелген 120 үздік шығармашылық жұмыс қойылды. Ауқымды шараға 500-ден астам бала мен ата-ана қатысты.

«Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы «Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы 

«Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы «Күзгі асар» — единство детской фантазии и природы

Балалар күздің алуан бояуын өз қиялдарымен ұштастырып, табиғи материалдардан ерекше композициялар мен сәндік бұйымдар жасады. Бүрлер, жапырақтар, бұтақтар мен дәндер жас авторлардың қолында көркем туындыларға айналды.
«Күзгі асардың» басты ерекшелігі – балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығы. Әр жұмыстың артында баланың қиялы мен ізденісі ғана емес, отбасы мүшелерімен бірге өткізген мазмұнды уақыт пен ортақ еңбек бар.
Экспозицияда мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін, арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларының еңбектері ұсынылды.  
Көрмені тамашалаған мектеп оқушылары арнайы экскурсия барысында өз замандастарының шығармашылық жұмыстарымен танысып, сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бағыттары мен табиғи материалдарды шығармашылықта пайдалану мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды.
Іс-шара соңында мектеп оқушылары үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Қызықты ойындар, интерактивті тапсырмалар мен көңілді сәттер балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көрме әсерін жарқын мерекелік көңіл күймен толықтырды.
«Күзгі асар» – балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, табиғатты аялауға және отбасылық шығармашылықты қолдауға бағытталған мазмұнды жоба.

 

Түсініктемелер қосу