ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖАДЫ – МӘҢГІ ЖҮРЕКТЕ!
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
ПАМЯТЬ О ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ ЖИВА!
|
ПАМЯТЬ О ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ ЖИВА!
|
«Ұлы Жеңіс» атты VI облыстық қашықтық байқауының қорытындысы
2026 жылғы 21 сәуір мен 6 мамыр аралығында Павлодар облысында халқымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік рухына арналған «Ұлы Жеңіс» атты VI облыстық қашықтық байқауы өтті. Байқау өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған талантты әрі елжанды оқушыларды біріктірген патриоттық тәрбие бағытындағы маңызды шаралардың біріне айналды.
Іс-шара қашықтық форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің батыр бабалары туралы бейнероликтер ұсынып, екі номинация бойынша бақ сынады:
«Тасқа айналған тағзым» номинациясында Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштер, мемориалдар мен обелисктердің тарихы, олардың салыну ерекшеліктері туралы баяндалды.
Ал «Соғыстағы әйелдер» номинациясында қатысушылар майдан мен тылдағы әйелдердің рөлі жайында әңгімеледі. Атап айтқанда, медбикелер, байланысшылар, ұшқыштар, партизандар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі кеңінен насихатталды.
Байқауға Павлодар облысының қала және аудандарынан барлығы 34 оқушы қатысты. Атап айтқанда, Павлодар, Екібастұз қалалары мен Тереңкөл, Аққулы, Баянауыл, Май, Успен, Ертіс, Шарбақты, Ақтоғай және Павлодар аудандарының білім беру ұйымдарының оқушылары бақ сынады.
«Тасқа айналған тағзым» номинациясының жеңімпаздары:
І орын – Игберлинова Даяна (Ертіс ауданы, Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебі)
І орын – Әділет қызы Ажар (Май ауданы, Аудандық оқушылар үйі)
І орын – Качура Карина (Тереңкөл ауданы, А.Н. Елгин атындағы ЖОББМ)
І орын – Красноходова Диана (Павлодар қаласы, №43 ЖОББМ)
ІІ орын – Қабдынұр Айша (Павлодар қаласы, К.Мақпалеев атындағы ЖОББМ)
ІІ орын – Құсман Зере (Май ауданы, Қаратерек ЖОББМ)
ІІ орын – Амангелдіқызы Ақбота (Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты)
ІІ орын – Безбородова Валентина (Павлодар ауданы, Богданов ЖОББМ)
ІІ орын – Ильенко Виктория (Павлодар қаласы, гимназиялық сыныптары бар №39 инновациялық үлгідегі ЖОББМ)
ІІ орын – Алтынбекова Диляра (Ақтоғай ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ)
ІІІ орын – Кравчуков Илья (Шарбақты ауданы, №3 ЖОББМ)
ІІІ орын – Зайцева Мария (Павлодар қаласы, №40 ЖОББМ)
ІІІ орын – Иманқұл Мырзабек (Павлодар қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы ЖОББМ)
ІІІ орын – Бейсембин Әмина (Успен ауданы, Таволжан ЖОББМ)
ІІІ орын – Устьянцева Регина (Тереңкөл ауданы, Инталин негізгі орта мектебі)
ІІІ орын – Маратов Темирлан (Железин ауданы, №1 ЖОББМ)
ІІІ орын – Кравченко Андрей (Шарбақты ауданы, №5 арнайы мектеп-интернаты)
ІІІ орын – Ағабек Арлан (Железин ауданы, №1 ЖОББМ)
ІІІ орын – Жүсіп Мүслім (Павлодар қаласы, №35 ЖОББМ)
ІІІ орын – Жасқайратова Әсел (Павлодар қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты)
ІІІ орын – Таңат Айнара (Павлодар қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты)
«Соғыстағы әйелдер» номинациясының жеңімпаздары:
І орын – Коптюк Кира (Ақтоғай ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ)
І орын – Даутова Адия (Ертіс ауданы, Ұзынсу ЖОББМ)
І орын – Костюк Александра (Ертіс ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ)
ІІ орын – Жұмажанов Ерхан (Аққулы ауданы, Тлектес ЖОББМ)
ІІ орын – Есенгелді Дариға (Май ауданы, Оқушылар үйі)
ІІ орын – Папова Виктория (Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты)
ІІ орын – Нұрахмет Айша (Екібастұз қаласы, №24 көпбейінді мектеп-гимназиясы)
ІІІ орын – Клейн Мария (Тереңкөл ауданы, А.Н. Елгин атындағы ЖОББМ)
ІІІ орын – Халламова Аяна (Павлодар ауданы, Богданов ЖОББМ)
ІІІ орын – Капрал Дарья (Павлодар қаласы, №32 ЖОББМ)
ІІІ орын – Серікбай Әли (Май ауданы, Оқушылар үйі)
ІІІ орын – Шкода Ульяна (Павлодар қаласы, №41 ЖОББМ)
ІІІ орын – Каримова Ясмина (Павлодар қаласы, №47 ЖОББМ)
Байқауды ұйымдастырушылар жас қатысушыларға қолдау көрсеткен педагогтер мен ата-аналарға шынайы алғыс білдіреді. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен бағыт-бағдар берулеріңіздің арқасында балалар тарихпен терең танысып, Ұлы Жеңіс туралы естелікті лайықты түрде насихаттай алды.
Бұл байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ғана емес, өскелең ұрпақтың тарихи санасы мен отансүйгіштік рухын қалыптастыруға да үлкен үлес қосты.
Ұлы Отан соғысының жады – халқымыздың рухы мен ұлттық мақтанышының ажырамас бөлігі.
Біз бұл қасиетті мұраны бірге сақтап, келер ұрпаққа аманат етеміз!
ЖҮКТЕУ
Түсініктемелер қосу