Өткенді зерделеп, болашақты бірге құраймыз: көктемгі каникулдағы танымдық квест
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Сканируя прошлое — создаём будущее: познавательный квест в дни весенних каникул
|
Сканируя прошлое — создаём будущее: познавательный квест в дни весенних каникул
|
2026 жылғы 26 наурызда Оқушылар сарайының музейінде көктемгі каникул аясында «Өткенді зерделеп - болашақты құрамыз» атты туған өлке тақырыбындағы қызықты квест ұйымдастырылды.
Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы мектеп оқушылары мен Оқушылар сарайының «Englishland» ағылшын тілі үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты.
Каникул оқушылар үшін тек демалыс кезеңі ғана емес, сонымен қатар жаңа білім мен әсерге толы мазмұнды, танымдық уақытқа айналды.
Шара басында қатысушылар «уақытқа саяхат» туралы аңызға еніп, тарихтың жоғалған беттерін қалпына келтіру миссиясына кірісті. Одан кейін екі командаға бөлініп, өз топтарына креативті атаулар ойлап тапты.
Квест барысында оқушылар бірнеше қызықты станциялардан өтті:
«Уақыт көпірлері» — Қазақстан тарихы мен түрлі дәуірлерге қатысты сұрақтарға жауап берді
«Уақыт сынағы» — пазл құрастырып, тарихи нысандарды анықтап, олардың маңызын ашты
«Бұрын және Қазір» — өткеннен бүгінге дейінгі даму туралы шығармашылық плакаттар жасады
Қатысушылар топпен жұмыс істеп, өз ойларын талдап, тарихи бейнелерді саралап, тапқырлық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі атмосферада өтіп, тарихты қызықты әрі тартымды түрде меңгеруге болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Түсініктемелер қосу