«Педагогикалық идеялар» облыстық байқауының қорытындысы
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 10.03.2026 14:11
Областной конкурс «Педагогические идеи» подвёл итоги
|
Областной конкурс «Педагогические идеи» подвёл итоги
|
2026 жылғы 10 наурызда М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында жалпы орта және қосымша білім беру педагогтері арасында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар» облыстық байқауы сәтті қорытындыланды.
Биыл байқауға Павлодар облысының талантты педагогтері қатысып, өздерінің тың әдістемелік әзірлемелерін, инновациялық жобаларын және озық тәжірибелерін ұсынды. Іс-шара шығармашылық, кәсіби даму мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, ұстаздар өз жетістіктерін таныстырып қана қоймай, әріптестеріне жаңа идеялар мен шабыт сыйлады.
Байқау барысында «Адал Азамат» бағдарламасының құндылықтарына ерекше назар аударылды. Патриотизм, азаматтық жауапкершілік, ұлттық мұраға құрмет, заң мен тәртіп сияқты маңызды қағидалар ұсынылған жұмыстардың мазмұнынан айқын көрініс тауып, өскелең ұрпақты үйлесімді, жауапты әрі елжанды тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталды.
Қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:
• білім беру қызметі (инновациялық бағдарламалар, сабақтар топтамасы, шеберлік сыныптары);
• тәрбие жұмысы және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
• азаматтық-патриоттық тәрбие (ардагерлермен кездесулер, волонтерлік жобалар, тарихи бастамалар);
• музей ісі және өлкетану;
• әдістемелік жұмыс (әдістемелік ұсынымдар, портфолио, ашық сабақтар);
• педагогтің ғылыми және әдеби-эстетикалық шығармашылығы (зерттеулер, эссе, поэзия);
• әлеуметтік маңызы бар және педагогикалық жобалар;
• шығармашылық және ғылыми-техникалық бағыт;
• «Адал Азамат» рухында ұлттық мұраны насихаттау.
Байқау қашықтан форматта, қазақ және орыс тілдерінде өтті. Әр жастағы педагогтер өздерінің «педагогикалық қоржынындағы» материалдарын — бейнесабақтар, презентациялар, эсселер, техникалық модельдер және басқа да жұмыстарын ұсынды.
Ұсынылған жұмыстарды білім беру ұйымдарының білікті мамандарынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Өзектілігімен, жаңашылдығымен және практикалық құндылығымен ерекшеленген, сондай-ақ «Адал Азамат» құндылықтарымен терең үндескен үздік идеялар жоғары бағаланып, көпшіліктің мойындауына ие болды.
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Айнура Альханова өз сөзінде:
«Педагогикалық идеялар» облыстық байқауы — жай ғана жарыс емес, өңір педагогтерінің шығармашылық дамуына серпін беретін маңызды алаң. Мұнда болашақты қалыптастыратын тәжірибелер дүниеге келеді. Әрбір жобадан балаларға деген шынайы сүйіспеншілік пен білімнің құдіретіне деген сенім сезіледі, — деп атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша:
• жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды;
• қалған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылар байқауға қатысқан барлық педагогтерге алғыс білдіріп, келесі жылы жаңа идеялар мен жарқын жобалар күтетінін жеткізді.
ЖҮКТЕУ
Түсініктемелер қосу