Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

21203068
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8734
12556
21290
20929318
128595
408197
21203068

Сіздің IP: 216.73.216.6
Уақыт: 2026-02-10 16:12:02

«Заң және тәртіп» квест ойыны

Квест игра «Закон и порядок» Квест игра «Закон и порядок»
Квест игра «Закон и порядок» Квест игра «Закон и порядок»

Бүгін «Заң және тәртіп» айлығы аясында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Заң және тәртіп» атты құқықтық интерактивті квест-ойын өтті.

Квест игра «Закон и порядок» Квест игра «Закон и порядок» 

Квест игра «Закон и порядок» Квест игра «Закон и порядок»

Іс-шара Білім беру басқармасы, Оқушылар сарайы және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.
Квест-ойынға қалалық мектептердің 10–11-сынып оқушылары қатысты.
Ойынның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде кездесуі мүмкін қауіп-қатерлерді танып-білуге үйрету, сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу.
Квест он мазмұнды станциядан тұрды. Әр станцияда оқушылар өмірлік жағдаяттарды талдап, қауіпсіздік талаптары мен заңнамаға сай шешім қабылдады. Қатысушылар күмәнді хабарламаларды тануды, жалған ақпаратты ажыратуды, алаяқтық белгілерін анықтауды және оның салдарын түсінуді үйренді.
— Ойын барысында алаяқтықтың түрлі түрлері қарастырылды: жалған жеткізу туралы хабарламалар, банк деректерін сұрату, әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттар, «жылдам табыс» уәделері және заңсыз қаржылық операцияларға тарту. Квесттің интерактивті форматы оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, жауапкершілік пен сақтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. «Заңды білу – қорған, саналы болу – қалқан» қағидатын жеткізген бұл іс-шара жасөспірімдер үшін маңызды практикалық алаңға айналды, – деп атап өтті Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Алёна Шияненко.
ЖЕҢІМПАЗДАР
I орын – А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп
II орын – А. Шамкенов атындағы мектеп
III орын – №47 мектеп
НОМИНАЦИЯЛАР
«IT-қорғаушылар» номинациясы – №35 мектеп
«Ашықтық сақшылары» номинациясы – №7 мектеп
«Кибер-детективтер» номинациясы – №43 мектеп
«Құқық тәртібінің сақшылары» номинациясы – Б. Момышұлы атындағы мектеп
«Заңдылық қорғаушылары» номинациясы – №27 мектеп 
«Қаржылық бақылау шеберлері» номинациясы – №11 мектеп
«Көлеңкелі айналымға қарсы күрескерлер» номинациясы – №24 мектеп
«Қаржылық қауіпсіздік агенттері» номинациясы – №39 мектеп

 

Түсініктемелер қосу