«Қауіпсіздік – ең алдымен: төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етеміз!»
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
«Безопасность прежде всего: действуем в ЧС правильно!»
|
«Безопасность прежде всего: действуем в ЧС правильно!»
|
12 ақпанда М. Катаев ат. Оқушылар сарайында «Қауіпсіздік – ең алдымен: төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етеміз!» атты қызықты әрі танымдық облыстық квест-ойыны өтті.

Іс-шараны облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының штабы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.
Квестке оқушылар, педагогтер және қауіпсіздік саласының мамандары қатысып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету бойынша білімдерін тексеріп, бекітті.
Ойын «Ішкі баланс» жаттығуынан басталып, кейін қатысушылар ережелермен танысып, тапсырмаларын алды. Алты адамнан құралған командалар станцияларға бөлініп, интерактивті тапсырмаларды орындады:
•«Өрт қауіпсіздігі» – өрт кезіндегі әрекет ету ережелері және өрт сөндіру құралдарын пайдалану.
•«Алғашқы медициналық көмек» – зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету негіздері.
•«Судағы қауіпсіздік» – су айдындарында өзін-өзі ұстау ережелері және құтқару техникалары.
•«ТЖ – сақ бол» – өрт-құтқару спорты және өрт сөндіру жеңін уақытқа жинау.
•«Қауіпсіздік викторинасы» – төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелері бойынша білімді тексеру.
Тапсырмаларды сәтті орындаған командалар ұпай жинап, ойын соңында үздіктер анықталып, марапатталды.
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты
2 орын – Қалижан Бекхожин атындағы ЖОББМ
3 орын – Павлодар қаласының №3 дарынды балаларға арналған гимназиясы
Квесттің басты сәттерінің бірі «Қызыл жарты ай» еріктілерінің шеберлік сабағы болды. Онда оқушылар шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді. Тәжірибелі нұсқаушылар жүрек-өкпе реанимациясының негізгі тәсілдерін, таңғыш салу және қан тоқтату әдістерін көрсетті.
– Квест-ойын өте қызықты, пайдалы болды. Бұл оқушыларға тек маңызды білім алып қана қоймай, шұғыл жағдайларда өмірге қажетті тәжірибелік дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Оқушылар сарайының бұқаралық жұмыс жөніндегі орынбасары Самал Сулейменова.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететініне сенімді.
Түсініктемелер қосу