«Тарихқа тағзым» облыстық жобалар байқауы
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областной конкурс проектов «Тарихқа тағзым»
|
Областной конкурс проектов «Тарихқа тағзым»
|
5 ақпан М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Тарихқа тағзым» облыстық жобалар байқауы аймақтағы жас зерттеушілер үшін ерекше оқиға болды.
Бұл байқау тарихшы Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл, Ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл, Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналды.
Тарихи додаға Павлодар облысының әрбір ауданынан 7-10 сынып оқушылары келіп, олар тарихи мәні зор тақырыптар мен елеулі даталарға қатысты жобаларын таныстырды.
Байқаудың басты мақсаты — тарихқа деген қызығушылықты арттырып, өз өлке мен елінің дәстүрлері мен құндылықтарын қадірлеуге баулу, сондай-ақ жастар арасында патриотизм мен ұлттық сананы дамыту.
Оқушылар өздеріне ұсынылған тақырыптардан біреуін таңдап, сол бойынша терең зерттеу жүргізіп, шығармашылық тұрғыдан жаңаша көзқарас қалыптастыруға тырысты.
Жобалардың тақырыптары еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты маңызды оқиғалар мен даталарды қамтыды.
- Оқушылар тек тарихи деректермен шектелмей, әрбір оқиғаға терең ой жүгіртіп, оны қазіргі заманмен байланыстырып, өздерінің жеке көзқарастарын жеткізді.
Бұл байқау тек білім беру іс-шарасы ғана емес, сонымен бірге тарих пен мәдениетке деген құрметті оятып, жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырудың зор мүмкіндігі болды, - деп атап өтті Оқушылар сарайының әдіскері Бахыт Аралбаева.
Жобаларды бағалаған сарапшылар алқасында танымал мамандар мен зерттеушілер болды:
• Марал Аблайхановна Таженова, С.Торайғыров ат. өлкетану бөлімінің жетекшісі;
• Мади Илялович Рахимов, тарих ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті;
• Ольга Витальевна Пашко, Н.Нурмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық өнер мұражайының маманы.
Байқаудың ерекше тұсы – қатысушылардың тарихты тек қана өткен оқиғалар тұрғысынан емес, қазіргі қоғаммен байланысы арқылы түсіндіре алуы болды.
Бұл, өз кезегінде, олардың терең ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін және ұлт тарихына деген құрметін көрсетті.
Конкурсқа қатысушылар тек өз білімдері мен ізденістерін ғана көрсетіп қоймай, команда болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, көпшілік алдында еркін сөйлеу өнерін меңгерді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталса, барлық қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болды.
«Тарихқа тағзым» байқауы — бұл жастардың тарихқа деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды тереңінен түсінуіне септігін тигізетін маңызды шара болды. Бұл іс-шара қазақтың өткенін біліп, болашағына бағыт алу үшін, тарих пен мәдениетті қадірлеуге, зерттеуге мүмкіндік береді.
Түсініктемелер қосу