Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15723608
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8645 12744 95917 15337407 377971 367126 15723608 Сіздің IP: 18.190.239.189
Уақыт: 2024-12-22 16:04:34
|
Жобалар шеруі – 2014
Павлодар облысы білім беру басқармасының жоспарына сай М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде «Жобалар шеруі-2014» облыстық жобасының 2 кезеңі өткізіледі. Жоба балалар мен жасөспірімдердің идеялары мен талпыныстарын балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің азаматтық және шығармашылық жұмысының әртүрлі формаларын жасау, қоршаған ортаны, Отанды секілді, жастардың позитивті қабылдауы (қала, ауыл), оған деген сүйіспеншілік пен азаматтық парыз сезімін өсіру мақсатымен ұйымдастырылды. Екінші кезеңге Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары мен Ақтоғай, Қашыр, Шарбақты аудандарының қатысушылары өтті.
Әділ-қазылардың шешімімен, І орынды Шарбақты ауданынан келген топтық жұмыс «Жила бы деревня моя», Павлодар қаласы №40 мектебі Арман Жансаяның «Халық мұрасындағы бүршікті кестенің дамуы» жұмыстары; ІІ орынды Ақсу қаласы «Достық ауылдық округі орта мектебі ММ» 7 және 6 сынып оқушылары Ермекбай Аршагуль мен Рогожин Ильяның «История одного документа», Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған гимназияның 9 сынып оқушылары Ермек Әділет пен Қабылбекова Айымның «Жергілікті агрокешенді дамытуға арналған тиімді бизнес жоба» жұмыстары; ІІІ орынды Екібастұз қаласы №2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Даулет Беймурзиновтың «ЭкоLife»; Ақсу қаласы «Достық ауылдық округі орта мектебі ММ» 5 және 6 сынып оқушылары Колмаер Эрика мен Обровская Александраның «Дизайн школьного двора» және осы мектептің 7сынып оқушысы Есболат Жансәуленің «Ешкі сүтінің емдік қасиеті» жұмыстары иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! |