«Қыз еркем-қылығымен көркем» — ұлттық рух пен шығармашылықтың мерекесі
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
«Кыз еркем — кылыгымен көркем»: слияние национального духа и творчества
|
«Кыз еркем — кылыгымен көркем»: слияние национального духа и творчества
|
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында ерекше мәдени шара өтті. «Аққу» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған «Қыз еркем-қылығымен көркем» атты байқау қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, болашақ ұрпақтың рухани жан дүниесін байытуға бағытталған.
Бұл сайыс ұлттық мәдениеттің әр қырына назар аударып, қазақ қызының сұлулығын, ақыл-парасатын, өнерін паш етті. Байқауға қатысушылар өздерінің қолөнер туындыларымен, ән-күй, би өнері және мәнерлеп өлең оқумен танысып, өнерлерін барынша паш етті. Әрбір қатысушы өз ісінің шебері екенін көрсете отырып, ұлттық қолөнердің тереңдігі мен маңыздылығын айқындады. Белбеу тігу ғана емес, оның тарихы мен ою-өрнектерінің сырын ашу арқылы ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік пен құрметтің оянуына септігін тигізді.
Жеңімпаздар мен номинация иегерлерінің жетістіктері мақтанышпен атап өтуге тұрарлық. Бас жүлде: Альжанова Дильназға – Екібастұз қаласы, С.Торайғыров атындағы №22 гимназия мектебінің оқушысына бұйырды. 1 орын: Қуанәлі Ләзинаға – Павлодар ауданы, «Жаңа қала негізгі білім беру мектебі» оқушысына берілді. 2 орын: Жолдыбай Іңкәр – Май ауданы, Малайсары ЖОББМ және Қажет Еркеш – Павлодар қаласы, №33 ЖОББМ оқушыларына табысталды. Ал, 3 орын: Сапаргалиева Сандина – Ертіс ауданы, «Қараағаш ЖОББМ», Макажанова Айша – Баянауыл ауданы, М.Әуезов атындағы ЖОББМ, Ханат Айзере – Ақсу қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқушыларына берілді.
Номинация иегерлері де өздерінің шығармашылығы мен өнерін жоғары бағаланып, арнайы номинациялармен марапатталды.
«Өнерлі ару» – Накебаева Сабина, Павлодар қаласы, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия.
«Шығармашыл ару» – Қуаныш Тәсним, Павлодар қаласы, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия.
«Парасатты ару» – Тілеубек Жәния Мақсатқызы, Тереңкөл ауданы.
«Зерделі ару» – Мағзам Сабина, Аққулы ауданы, Ямышев ЖОББМ.
«Шеберлі ару» – Дарыбай Ясмина Муслимқызы, Железинка ауданы, М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ
Бұл байқау қазақ қызының сұлулығы мен өнерін ғана емес, сондай-ақ оның ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін ұлықтауды мақсат етті. Байқау барысында қатысушылардың өнері мен білімін жоғары бағалап, ұлттың болашақ өкілдерінің шығармашылық әлеуетін танытты. Мұндай шаралар жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық өнеріміздің сақталуына ықпал етеді.
Түсініктемелер қосу