Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15724285
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9322
12744
96594
15337407
378648
367126
15724285

Сіздің IP: 18.220.94.189
Уақыт: 2024-12-22 16:45:00

«Жас Ұлан» мен Жас Отан». Бірге болашаққа!

«Жас Ұлан» мен Жас Отан». Бірге болашаққа! «Жас Ұлан» мен Жас Отан». Бірге болашаққа!

2014 жылдың 27 ақпаны М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысында жастар саясатының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен «НұрОтан» Партиясының 15 жылдығы аясында «Жас Ұлан» ББЖҰ мен «ЖасОтан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Болашақ бүгіннен басталады - Будущее начинается сегодня!» Форумы өткізілді.

 

Форумнын мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің патриоттық сезімін, көшбасшылық құзыретін, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту. Жастар қозғалысының өзекті проблемаларын шешуде күшті біріктіруге бағытталған «Жас Ұлан» ББЖҰ мен «Жас Отан» ЖҚ көшбасшылары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жәрдемдесу.

Қонақ ретінде аталмыш іс-шараға Павлодар облысы «НұрОтан» партиясының «ЖасОтан» ЖҚ атқарушы хатшысы Данияр Дауренұлы Айтышев, «Единая Россия» Жалпыресейлік саяси партиясының Омскі өңірлік атқарушы комитеті жетекшісінің орынбасары, «Молодая Гвардия Единой России» Жалпыресейлік қоғамдық ұйымы Сібір федералдық өңірінің федералдық координаторы Демин Артем Валерьевич, «Молодая Гвардия Единой России» Жалпыресейлік қоғамдық бірлестігінің Омск өңірлік бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Неклюдов Александр Сергеевич, «Замандас» ардагерлер клубының директоры Шакиримов Қабидолла Нұрсенұлы, Павлодар облысы Қазақстан студенттері альянсы жетекшісінің міндетін атқарушы Амангулов Аслан Қайратұлы, «Жасыл ел» студенттік құрылыстық және жастар отрядтары облыстық штабының комиссары Хасенов Даулет Жастайұлы қатысты.

«Жас Ұлан» мен Жас Отан». Бірге болашаққа! «Жас Ұлан» мен Жас Отан». Бірге болашаққа!

Форумға «Жас Ұлан» облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымы және «Жас Отан» Жастар қанатының көшбасшылары қатысты.

Аудандар мен қалалардан жиналған балалалар мен жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары Форумға келісімен пікірсайыс алаңдарына тарап, өз модераторларымен жұмыс істеді. Пікірсайыс алаңдары патриоттық тәрбие мәселелерін мұражай арқылы шешу тақырыбына, балалар БАҚ проблемаларына, балалар құқықтарына, көшбасшылықты дамытуға, жасұландықтар мен жасотандықтардың ынтымақтастығын нығайтуға арналған болатын. Форум аясында «Путь к успеху» жобасы негізінде «ЖасОтан» ЖҚ атқарушы хатшысы Айтышев Данияр Дәуренұлымен кездесу ұйымдастырылды. Ал «Бүгінгі жасұландық – ертеңгі жасотандық» пікірсайыс алаңын Павлодар қаласы «НұрОтан» партиясы филиалының «ЖасОтан» МҚ атқарушы хатшысы Айгүл Кенжетаева жүргізді. Ресейлік қонақтар қатысқан «Пайдалы іс-әрекеттер мектебі» пікірсайыс алаңына Павлодар облысы «ЖасҰлан» ББЖҰ ҚБ өңірлік атқарушы хатшысы Петрович Оксана Владиславовна жауапты болды. Басқа пікірсайыс алаңдарын балалар қозғалысына жанашыр М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлері мен қосымша білім педагогтері жүргізді. Олар: . «Я поведу тебя в музей» мұражай арқылы патриоттық тәрбие беру мәселелерін шешу пікірсайыс алаңы, модераторы Сыздыкова А.К..; «Твой мир» балалар БАҚ мәселелері бойынша пікір-сайыс алаңы, модераторлар Вайберт Е.В. Кибатова С.Б.; «Знаешь права – делаешь мир лучше» құқықтық тәрбие беру проблемалары бойынша пікірсайыс алаңы, модераторы Хуако В.Г.; «Шығармашылық академия» көшбасшылық бағыт бойынша шығармашылық шеберхана, модераторы Алпысбай М.Б.; «Чудо – дерево, где растут стихи» әдеби қонақжай. Форум барысында «PRESS-EXPRESS» қабырға газеті жасалды. Оның уақытында дайын болуы үшін «Қаламгер» мен Детский пресс-центр журналистік үйірмелері көп еңбек етті. Қонақтар мен пікірсайыс алаңдарының жұмысын суретке түсіріп, қатысушылардан сұхбат алды.

«Жас Ұлан» мен Жас Отан». Бірге болашаққа! «Жас Ұлан» мен Жас Отан». Бірге болашаққа!

Павлодар облысы БЖҰ жұмысы мен БЖҰ координаторларының облыстық байқау-рейтингісінің қорытындысы да шығарылады. Ол бойынша Павлодар қаласындағы ең үздік ұйым № 21 жалпы орта білім беру мектебі. Ал облыс аумағында Шарбақты ауданының балалармен жасөспірімдер ұйымы жеңімпаз атанды.

Форумның салтанатты бөлімінде «Жас Ұлан» ББЖҰ ҚБ көшбасшылары қонақтармен сәлемдесіп, оларды атқарған істерімен таныстырды. Форум резолюциясы қабылданылады. Сонымен қатар «Жас Ұлан» ББЖҰ қатарына облыстың аудандары мен қалаларынан 13 көшбасшыны қабылдау салтанаты өтті. Тек лайықтылар ғана мойындарына көк галстукты байлап, нағыз жасұландық атағын алды.

Ел саясатын жүзеге асыруға бағыттайтын, болашақ үлкен істерге ынтымақтандыратын бұл Форум нәтижелі өтті. Және де келешек үшін қажетті үлкен істерді бастауға мол күш-жігер берді.

Түсініктемелер қосу