Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16166266
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9876 14116 23992 15880647 307611 513018 16166266 Сіздің IP: 18.97.14.86
Уақыт: 2025-01-21 18:05:53
|
Оқушылар сарайының «Жаз bala fest» лагері Павлодарлық оқушыларды қарсы алады
Оқушылар сарайының «Жаз bala fest» лагері қала оқушылары үшін өз жұмысын 2024 жылдың 4 маусымынан бастады.
Оқушылар сарайының педагогтары мен әдіскерлері оқу орынның барлық бағыттарын қамтитын шығармашылық алаңдар мен бұқаралық іс-шаралар дайындады. Бұл бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, техникалық, әлеуметтік-педагогикалық және көркемдік бағыттар. Оқушылар сарайының педагогтары шеберлік сабақтарды, тимбилдинг, квест-ойындар, коммуникативтік және интерактивті ойындар, конкурстық-ойын бағдарламаларын өткізеді. Бұқаралық іс-шараларда балалар мультфильмдер мен концерттерді тамашалайды. Оқушылар сарайының вокалдық және хореографиялық ұжымдарының ең танымал жас әртістері өнер көрсетеді. - Жазғы демалыс балалардың көптен күткен уақыты. Осы кезде балалардың барлық арман-қияладры орындалады. Оқушылар сарайының жазғы жұмыспен қамту бағдарламасы өте алуан түрлі және танымдық болып келеді. «Bala life» жазғы лагері мен Оқушылар сарайының үйірме жұмысы жаз кезінде екі маусымды қамтиды, - деп атап өтті әдістемелік бөлім меңгерушісі Бағлан Ашенова.
|