Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12944326
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2160
14147
16307
12665085
262779
375712
12944326

Сіздің IP: 18.116.36.192
Уақыт: 2024-04-30 13:40:49

Павлодар облысында «Баршаныздың назарына!» дабылы соғылады

2024.08.02 01 Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»
2024.08.02 02 Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»

8 ақпан күні сағат 12.55-те Павлодар облысының ТЖ департаменті облыстық орталықтандырылған құлақтандыру жүйесінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді.
«Баршаныздың назарына!» атты дабыл – сиреналар және өзге де дабыл құралдары арқылы берілетін Азаматтық қорғанысының бірыңғай белгісі.

Осы дабыл бойынша халық теледидар, радио және өзге де ақпарат қабылдау құралдарын қосып, берілген ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен тәртіп ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті…»
Радиохабар тарату, теледидар, хабарлаудың жылжымалы құралдары арқылы сөйлем ақпаратты беру, хабарлаудың негізгі әдісі болып табылады. Назар аудару үшін, сөйлем ақпарат беру алдында сиреналар, өндірістік гуіл және өзге де дабыл беру құралдары қосылады, сонымен «БАРШАҢЫЗДЫҢ НАЗАРЫНА!» атты ескерту дабылының қосылғанын білдіреді, сол дабыл бойынша тұрғындар, шұғыл хабарламаны тыңдау үшін, радио- және теледидар қосып, хабар таратудың жергілікті арнасына келтіруге ресми органдарының талаптарын орындауға міндетті.
Егер, дабыл беру кезінде, Сіз жұмыс орында болсаңыз:
•    Жұмысты тоқтату, жабдықты өшіру.
•    Радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау.
•    Алған хабарламаға сәйкес, басшылардың нұсқауы бойынша әрекет жасау.
Егер, дабыл беру кезінде, Сіз үйде болсаңыз:
•    Радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау.
•    Алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау. Көршілерге хабарлау.
Егер, дабыл беру кезінде, Сіз көшеде болсаңыз:
•    Дауыстап сөйлейтін немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдау.
•    Алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау.
Азаматтық қорғаныстың дабылы бойынша жедел, абыржымай және үрейсіз әрекет етуді, есте сақтаңыз. Қауіп төніп тұрған кезде әр минутыңыз қымбат.

 

Түсініктемелер қосу