Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22512876
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4772 5759 48507 22235337 336643 328164 22512876 Сіздің IP: 216.73.217.52
Уақыт: 2026-05-31 19:07:09
|
Мұражайда әрқашан қызықты
31 қаңтарда Оқушылар сарайының мұражайында «Жаңа экскурсияны дайындау технологиясы» тақырыбында жас экскурсовод мектебінің сабағы өтті. Аталмыш іс-шараға № 7, 21, 24, 29 және Павлодар қаласының А.Байтұрсынов ат. ЖОМ-нің оқушылары қатысты. Жас экскурсоводтар кез-келген жаңа экскурсияны дайындау үшін оның мақсатын нақты анықтаудан басталатынын білді. Бұл экскурсия авторларына болашақта жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Экскурсияның мақсаты - отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке баулу, эстетикалық тәрбие беру, сондай-ақ ой-өрісін кеңейту, ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларында қосымша білім алу болып табылады.
|














