Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12306424
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
807
8844
43642
12014972
807
391123
12306424

Сіздің IP: 3.236.145.153
Уақыт: 2024-03-01 01:59:55

«Табысқа апарар жол» жобасы аясында кездесу

Встреча в рамках проекта «Путь к успеху» Встреча в рамках проекта «Путь к успеху»
Встреча в рамках проекта «Путь к успеху» Встреча в рамках проекта «Путь к успеху»

30 қаңтарда М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» жобасы аясында кездесу өтті.

Кездесудің құрметті қонақтары Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенттері Артур Лейман мен Роза Зейнулова және олардың педагогтері Альмира Садриденова, колледж басшысының it жөніндегі орынбасары Тахир Алдыбаев болды.
Студенттер «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионатының жүлдегерлері болып табылады. Артур Лейман «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігінде алтын медаль жеңіп алды, ал Роза Зейнулова «Кондитерлік бизнесте» қола медаль алды.
Кездесуге № 11 ЖОББМ, Оқушылар сарайының  «Қаламгер» жас тілшілері келді.
Артур мен Роза WorldSkills Kazakhstan 2023 республикалық чемпионатындағы жетістіктері туралы айтып берді. Бұл байқаудың мақсаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады.
Артур Лейманды облыстың бас сарапшысы, өндірістік оқыту шебері Альмира Садриденова дайындады. Оның шәкірттері екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Роза Зейнулованың тәлімгері кондитерлік саланың аймақтық сарапшысы Ирина Пицина болды.
Артур балаларға мейрамхана ісіндегі табысы, бармен, бариста, даяшы мамандықтары туралы айтып берді. Байқауда Артур майлықтарды бүктеу шеберлігін көрсетті. Байқау шарттары бойынша ол он майлықты әдемі және дұрыс безендіруі керек еді. Ол әрқайсысына шамамен бір минут жұмсады.
Роза асүйде тамақ жасауды ұнататынын баяндап және байқауда бенто торттарын, шоколадтарды қалай дайындағанын және мастикадан екі бірдей фигураны мүсіндегенін айтты. Студенттер оқушыларға жақсы оқуды, әрқашан алға ұмтылуды, өздерінің жүрек қалауары бойынша мамандықты таңдауды тіледі.  
Мұндай кәсіптік бағдар беру кездесулері оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға алдын-ала дайындалуға, саналы түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Кездесуді Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова ұйымдастырды.

 

Түсініктемелер қосу