Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19130353
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9647 10816 67645 18820763 153348 400573 19130353 Сіздің IP: 216.73.216.187
Уақыт: 2025-09-13 21:20:20
|
«Қыз еркем-кестесімен көркем» облыстық байқауы
2024 жылдың 25 қаңтар күні М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Аққу» жобасы аясында «Қыз еркем-кестесімен көркем» атты облыстық байқауы өтті. Аталмыш шараға қала, аудан бойынша бірінші турдан өткен 14 оқушы қатысты. Сайыс 4 турдан тұрды. Олар: «Аққу» клубы арқылы мен не алдым?» тақырыбындағы презентация қорғады. «Шеше көрген тон пішер» байқауында қыздар ұршық иіріп, жүн түтті, «Ақылына көркі сай» - білгірлер сайысында өз білімдерін ортаға салды, «Тақия тігеміз!» байқауында қолөнерші қыздар тақия пішті.
Конкурстың мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, ұлттық қолөнерімізді дәріптеу. Сайыстың құрметті қонағы - «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы және ардақты әже – Ғалия Сұнғатова. 1 орын - Бекет Мадина, Екібастұз қаласы, Байет жалпы орта білім беру мектебі, жетекшісі: Алпемаш Еркен.
|