Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15724244
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9281
12744
96553
15337407
378607
367126
15724244

Сіздің IP: 3.147.205.114
Уақыт: 2024-12-22 16:42:25

Әдістемелік панорама

Методическая панорама Методическая панорамаe»
Методическая панорама Методическая панорама

2024 жылдың 15-26 қаңтар аралығында М.Катаев ат. Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінде «Педагогтардың жұмыс тәжірибесінде өзін-өзі тәрбиелеу тақырыптарын және бөлімнің әдістемелік тақырыбын іске асыру» тақырыбы бойынша әдістемелік панорама жұмысы ұйымдастырылды.

Методическая панорама Методическая панорама 

15 қаңтарда әдістемелік бөлімде «Білім беру процесінің сапасын арттырудың шарты ретінде оқу сабағын модельдеу» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.  
Бөлім педагогтары Әсем Аипова мен Аксана Фрик оқушыларды жаңа материалды үйренуге ынталандыратын балалармен сабақ өткізу кезінде жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін ұсынды. Іс жүзінде педагогтер сабақтың үзіндісін көрсетіп жаңа технологияларды қолдана отырып өз тәжрибелерімен бөлісті. Педагогикалық кеңестің соңында балалармен жұмыс істеудің жаңа формалары мен технологияларын қолдану және енгізу бойынша бөлімде үйірме қызметінің қорытындысы шығарылды және рефлексия жүргізілді.
18 қаңтарда Оқушылар сарайының педагогтары арасында «Өзін-өзі тәрбиелеу тақырыптарын және бөлімнің әдістемелік тақырыбын педагогтардың жұмыс тәжірибесінде іске асыру» атты стендтік баяндамалардың тұсаукесері өтті. Әдістемелік бөлімнің педагогтары музей педагогикасы, журналистика, құқықтық бағыт, балаларды кәсіптік бағдарлау, жобалық қызметті іске асыру, үйірме қызметіне мониторинг жүргізу сияқты бағыттар бойынша стендтік баяндамалар ұсынды.
Эстетика бөлімінің педагогы Васелина Дмитриева сабақтарда бейнелеу өнерін енгізу бойынша жаңа технологияларды айтып берді. Ол бейнелеу өнерінде «Бедерлі және пастозды кескіндемені қолдану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Екі апта ішінде ұжымның шығармашылық апталығы өтеді. Оқушылар сарайының үйірме қызметінің барлық бағыттары бойынша ашық сабақтар өткізіледі, «Аталар-ардагерлер, немерелер-із зерттегіштер» мұражайында сабақтар өтеді. Жас маман мектебінің жұмысы аясында «Заманауи мектеп: жас маман – тәлімгер» атты облыстық семинар өткізіледі. Жобалық қызметті іске асыру бойынша жұмыста «Аққу» облыстық жобасы аясында «Қыз ерем - кестесімен көркем» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
- Шығармашылық апталығы аяқталғаннан кейін бөлімнің әдістемелік кеңесі өтіп, әдістемелік панорама жұмысының қорытындысы, бірінші жартыжылдықтың аяқталуы және 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы бөлімнің әдістемелік қызметінің тиімділік критерийлері айқындалады, - деп атап өтті әдістемелік бөлім меңгерушісі Бағлан Ашенова.

 

Түсініктемелер қосу