Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

14644572
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3682
14706
49427
14356641
119468
356704
14644572

Сіздің IP: 44.222.134.250
Уақыт: 2024-10-11 07:22:43

Зияткерлік ойын аймақ білгірлерін жинады

 

Интеллектуальная игра собирает знатоков области Интеллектуальная игра собирает знатоков области
Интеллектуальная игра собирает знатоков области Интеллектуальная игра собирает знатоков области

1 және 5 желтоқсан күндері М. М. Катаев ат. Оқушылар сарайында  «Павлодар облысының Тарих білгірлері» Не? Қайда? Қашан?» атты облыстық зияткерлік тарихи  сайысының 1-ші кезеңі өтті.

Интеллектуальная игра собирает знатоков области Интеллектуальная игра собирает знатоков области 

Интеллектуальная игра собирает знатоков области Интеллектуальная игра собирает знатоков области

Аталмыш іс-шарада Баянауыл, Ертіс, Успен, Аққулы, Железин, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласынан командалары ойынға қатысты.
Зияткерлік ойынға дайындық барысында қатысушылар Павлодар облысының тарихын зерттеді. Зияткерлік сайыс кезінде қатысушылар өз білімдерін ортаға салды.  
Қазылар алқасы:
Альханова Айнур Ерболовна – М. М. Катаев ат. Оқушылар сарайының әдіскері.
Жомартова Алия Зарлыковна – Г. Н. Потанин ат. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музей қорының бас сақтаушысы.
Жунусова Бибигуль Майкеновна – Г. Н. Потанин ат. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме-экспозиция бөлімінің басшысы.
Шарипов Мухаметқаир Шарипович – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, өлкетанушы, ҚР Құрметті азаматы.
1-ші іріктеу кезеңінің ойыны әрқайсысында 12 сұрақтан тұратын екі кезеңде өтті. Жауаптар арнайы турнир кестесінде жазылды. Ойын нәтижелері бойынша командалар жинаған ұпайлардың жалпы саны есептелді. Ең көп ұпай жинаған командалар 2024 жылдың сәуірінде өтетін ойынның финалына жолдама алды.
-Бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік тарихи сайысы өте қызықты болды.   Маған аудандардан келген балалардың дайындығы ұнады. Балалардың тарихты жақсы көретіні анық. Мен мұндай байқаулар өте қажет деп санаймын.  Оқушылар сарайы осындай қызметті іс жүзіне асырып отырғаны үшін алығыс айтамын.  Осындай іс-шараларға қатысу арқылы балалар өз білімдерін көрсетіп, бір-бірімен бәсекелесуге мүмкіндік алады, - деді Алия Жомартова.   
Зияткерлік ойынның 1-ші іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша қазылар алқасы финалға өткен командаларды анықтады:
Шарбақты ауданының атынан шыққан «Тарихи көшпенділер» командасы;
Павлодар қаласының атынан қатысатын «№3 Гимназия» командасы;
Железин ауданының атынан «Із зерттеушілер» командасы.    
-Біздің «№3 Гимназия» командасы финалға шықты. Енді біз келесі кезеңге жақсы дайындалуымыз керек. Қазақстанның мәдениетіне, ғылымына және тарихына үлес қосқан тұлғаларға құрмет көрсетеді. Мен бұл конкурсқа қатысу арқылы жаңадан көп нәрсе білдім, өте ризамын, - деді сайыс қатысушысы Алёна Чеклецова.
Зияткерлік ойынға қатысқан барлық командалар қатысушы сертификатын алды.
Байқауды Оқушылар сарайының әдіскерлері Бақыт Аралбаева мен Николай Новодержкин ұйымдастырды.

 

Түсініктемелер қосу