Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15711679
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9460
15223
83988
15337407
366042
367126
15711679

Сіздің IP: 3.135.202.168
Уақыт: 2024-12-21 18:06:19

Мейірімділік – асыл қасиет!

Творить добро легко! Творить добро легко!
Творить добро легко! Творить добро легко!

17 қараша күні М.Катаев ат. Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» жобасы аясында «VITA» Павлодар қаласының іздеушілері» қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен, іздестіру үйлестірушілері Людмила Анатольевна Былинина және Шиман Светлана Геннадьевнамен, сондай-ақ садақ ату бойынша паралимпиадашы, волонтер, блогер және спортшы Әлішер Бекжанмен кездесу өтті.

Творить добро легко! Творить добро легко! 


Қонақтармен сұхбаттасуға Павлодар қаласының № 3 дарынды балаларға арналған гимназия, № 7 ЖОББМ, «Қаламгер» студиясының тәрбиеленушіері мен «Жас Ұлан»  көшбасшылары келді.
Людмила Анатольевна балаларға «VITA Павлодар қаласының іздеушілер» қоғамдық бірлестігінің құрылу тарихын айтып берді. Балалар іздеу жасағының қызметі, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек қалай өтетіні туралы білді. Еріктілер мұқтаж жандардың үйлеріне азық-түлікті тасымалдайды, қарттар үйлеріне, қайырымдылық үйлеріне, балалар интернат үйлеріне барады. Қоғамдық бірлестік қызметінің негізгі бағыты - хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу. Осы жылдар ішінде іздеу орталығы  мыңнан астам адамды тапты.
Алишер садақ атудан спорт шеберінің кандидаты. Ол 2016 жылы алғаш рет ерікті болғанын айтып берді. Балаларды мейірімділікке, қайырымды істерді көп жасауға шақырды. Қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жоғалған адамдарды қалай табуға болатынын айтты.
- Әркім игі істер жасап, әлемге мейірімділік нұрын шашу керек, қайырымдылыққа мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысу керек. Балалар, сендерге  қуаныш әкелетін іспен айналысуға тілектеспін, - деді Алишер Бекжан.
- Мейірімділік жасау оңай!  Балалар, қоршаған дос-жарандарына мұқият болыңдар! Мүмкін сіздің жақындарыңыздың арасында көмекке мұқтаж адамдар бар шығар. Адамдарға жақсылық жасаңыз, бос уақыттарыңды босқа кетірмей, игі істер жасау үшін бес минут уақыт табыңдар, -  деді Людмила Былинина.
Іс шараны ұйымдастырып, өткізген Оқушылар сарайының әдіскері, «Табысқа апарар жол» жобасының үйлестірушісі Әсем Аипова.

 

Түсініктемелер қосу