Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12944900
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2734
14147
16881
12665085
263353
375712
12944900

Сіздің IP: 18.117.148.105
Уақыт: 2024-04-30 17:16:08

Тыйым сөздер – тәрбие көзі

В мире мудрых слов В мире мудрых слов
В мире мудрых слов Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»

Облыстық «Аққу» жобасы аясында М.Катаев ат. Оқушылар сарайында 2023 жылдың 2 қараша күні «Тыйым сөздер – тәрбие көзі» атты сайыс өтті. Аталмыш іс-шараға Павлодар қаласының Малайсары ат. ЖОМ-нің,  Қ.Беккожин ат. ЖОМ-нің, № 29 ЖОМ-нің, № 30 ЖОМ-нің «Аққу» клубының мүшелері қатысты. 

В мире мудрых слов В мире мудрых слов 

   
Қатысушылар «Сырлы сандық», «Сиқырлы сахына», «Қызға қырық үйдің тыйым»,  «Суреттер сөйледі» деген сайыстың бөлімдеріне қатысып берілген тыйым сөздердің мағынасын ашып, оларды сахыналап, тыйым сөздің жалғасын тауып, берілген тыйым сөздерге сурет салды. Бұл сайыс арқылы қыз балалар дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау сыныптағы, отбасындағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырды.
Сайыстың қортындысы бойынша Павлодар қаласы № 29 ЖОМ-нің оқушылары 1-ші орынға,  № 30 ЖОМ 2-ші орынға, Қ.Беккожин және Малайсары мектебінің оқушылары 3-ші орынға ие болды.
-Тыйым сөздер арқылы қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып, баланың бар істі шын пейілмен, әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін айқындайды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Тыйым сөздер арқылы тағамды қадірлеу, күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарды ескеру, төрт түлік малды қадірлеу, - деді «Кәусар бұлақ» қол өнер студиясының жетекшісі Ғалия Сұнғатова.
-Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю»   деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, қала, ел жауапты болып отыр. Сайысымыздың басты мақсаты бұрынғы салт - дәстүрді жаңғырта отырып, қазіргі таңдағы қыздарға қазақ халқының тәрбие маңызын, ақыл кеңесін түсіндіру, - деді облыстық «Аққу» жобасының үйлестірушісі Майя Темирболатова.

 

Түсініктемелер қосу