«Адал ұрпақ ер боп туса, ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 06.11.2023 14:49
Во Дворце школьников прошел круглый стол в рамках проектов «Аққу» и «Мирас».
|
Во Дворце школьников прошел круглый стол в рамках проектов «Аққу» и «Мирас».
|
2023 жылдың 26 қазан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық «Мирас» жобасының аясында «Адал ұрпақ ер боп туса, ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Облыстық Аталар мектебінің төрағасы Қайыртас Нұрғалиев, «Ардагерлер» ұйымының мүшесі Сапар Шабанбаев, «Сенімен болашақ» Павлодар облыстық филиалының ата-аналар республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хызыр Жанарыс, «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы Ғалия Сұнғатова, Аққулы ауданының білім бөлімінің әдіскері Асем Оспанова және Аққулы ауданының Облыстық «Мирас», «Аққу» жобасын іске асыруда өз тәжірибиесімен бөлісу үшін Аққулы ауданынан бір топ мұғалімдері мен клуб жетекшілері келді.
Дөңгелек үстел барысында келген қонақтар оз ойларымен бөлісе қана қоймай жаңа иделар ұсынды. Бала тәрбиесінде кездесетін қателіктер және жаңа сын-қатерлердің алдын-алудың оңтайлы жолдарын табу туралы ойларын ортаға салды.
Әсіресе, «Сенімен болашақ» Павлодар облыстық филиалының ата-аналар республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хызыр Жанарыстың ортаға салған тақырыбы қазаіргі заманда өте өзекті болды. «Ұлы жақсы болса әкенің маңдайы терлемейді, қызы жақсы болса ананың жаулығы кірлемейді» осы тақырып арқылы Хызыр Жанарыс ата-аналардың ең бірінші міндеті-бала тәрбиесінде ешқандай қателіктерге жол бермеу керектігін айтты.
Аққулы ауданынан келген «Аққу» клубтарының жетекшілері осы жобалар арқылы клуб тәрбиеленушілермен қандай жұмыс жасап жатқаны туралы, озық тәжірибиелер бөлісіп, жаңа әдістерді ортаға салды. Олардың ерекше тәсілдерінің бірі - ол балаларды ұмытып бара жатқан ұлттық қол өнерлерімізді қайтадан жаңғырту бағытында үйірмелер ашылғаны және осы үйірмелерге клуб тәрбиенушілерін тартқаны туралы айтты.
Аққулы ауданы, Әйтей НМ-нің «Мирас» ұлдар клубының жетекшісі Сұраған Берікбол «Сүйекті көркемдеп өңдеу» сәндік қолданбалы өнерін бойынша шеберлік-сабақ көрсеті. Бұндай шеберлік-сабақтар ер балаларды еңбекқорлыққа, қол өнерге баулып, сыныптан тыс жұмыстың керемет бір түрі болатынын атап өтті.
-Бүгінгі іс-шарада жасөспірімдерге тәлім-тәрбие берудегі өзекті мәселелердің шешімін таба білу арқылы клубтар жұмысын реттейтін бірыңғай тәрбие тұжырымдамасын шығардық, - деді облыстық «Мирас», «Аққу» жобасының үйлестірушісі Майя Темірболатова.
Түсініктемелер қосу