Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15712385
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
10166
15223
84694
15337407
366748
367126
15712385

Сіздің IP: 18.222.113.167
Уақыт: 2024-12-21 19:12:26

Облыстық семинарда қосымша білім берудегі заманауи талаптар мен трендтер талқыланды

Современные вызовы и тренды Современные вызовы и тренды
Современные вызовы и тренды Современные вызовы и тренды

19 қазан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында "Білім беру қызметінің тиімділігінің қажетті шарты ретінде педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру" тақырыбында облыстық семинар өтті.

Современные вызовы и тренды Современные вызовы и тренды 

Семинарға Павлодар облысының қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтары қатысты.
Семинарда Ертіс ауданының балалар шығармашылығы және демалыс орталығының жетекшісі Гүлвиза Қалижанова сөз сөйледі. Баяндамашы өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру құралы екенін атап өтті.
Қосымша білім беру жұмысында мотивацияны арттыру құралы ретінде инновациялық технологияларды қолдану туралы "Жігер" БЖК педагогы Адай Тюленбай айтып берді.
Қосымша білім берудің нысаналы функциясы болып табылатын өзінің тәрбие қызметіндегі мысалдармен Ақтоғай ауданының БӨМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аңсаған Хусаин бөлісті.
Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова негізгі ресурстар мен цифрлық технологияларды бөліп көрсетті, соның арқасында өз педагогикалық тәжірибесін жинақтап және таратуға болады. Әсем Серікқызы пресс-релиздерді қалай дұрыс құрастыру керектігін айтып, педагогтармен практикум өткізді.
- Семинарда педагогтердің өзін-өзі тәрбиелеуіне тұтас тәрбие беру, инновациялық технологияларды қолдану бағдарламасы аясындағы өзекті тақырып қозғалды. Оқушылармен жұмыс жасағанда «Жаңа талаптар, жаңа шешімдер» тақырыбына баса назар аудару қажет, - деп атап өтті Оқушылар сарайының әдіскері Айнұр Альханова.

 

Түсініктемелер қосу