Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12945035
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2869
14147
17016
12665085
263488
375712
12945035

Сіздің IP: 3.145.108.9
Уақыт: 2024-04-30 18:13:15

Жаңа оқу жылында өткен мұражай сабақтары

 

Музейные уроки в новом учебном году Музейные уроки в новом учебном году
Музейные уроки в новом учебном году Музейные уроки в новом учебном году

2023 жылдың 27 қыркүйек күні М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайы «Майдан жолы» зерттеу жасағымен қоса № 6,7,9,24 ЖОББМ-нің оқушылары үшін мұражай сабағы өткізді.

Музейные уроки в новом учебном году Музейные уроки в новом учебном году 

 
«Майдан жолы» отрядының іздестірушісі Болат Мұқышев 1941-44 жылдардағы Ленинград блокадасы кезіндегі тарихи оқиғалар туралы «Ирбис» ТК түсірген «Батырлар жолымен» деректі фильмін ұсынды.
Фильм көрсетілгеннен кейін іздеуші Ұлы Отан соғысы кезіндегі ата-бабаларымыздың ерліктері жайлы, «Майдан жолы» зерттеу отрядының қызметі мен қажырлы еңбегі туралы айтып берді. Болат Мұқышев балаларға іздестіру экспедицияларына қажетті құрал-жабдықтарды көрсетті.
- Бүгін сабақта балалар құнды археологиялық ескерткіш «Максим» пулеметінің тарихымен танысты. Бұл артефакт РФ Ленинград облысы, Синявино кентінен Павлодар «Майдан жолы» іздеу жасағының кезекті экспедициясы кезінде табылған болатын.
Оқушылар сонау сұрапыл соғысында жеңіске себеп болған пулеметті қолдарына ұстап көрді. Мүмкін осы оқушылардың ішінде бір кездері соғысқа қатысқан олардың жауынгер аталардың ұстаған пулеметі болған шығар. Осылайша, «Максим» пулеметі өткен мен қазіргі уақыт арасындағы бағыттаушы құрал болды, - деді мұражай жетекшісі Бахыт Беккожина.  
Іс-шара барысында әскери-тарихи жәдігерлерге экскурсия өткізілді. Іс – шара «Жеңіске 79 қадам - 79 Батырлар сабағы» акциясы аясында ұйымдастырылды.

 

Түсініктемелер қосу