Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12947398
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
196
5036
19379
12665085
196
280912
12947398

Сіздің IP: 3.133.149.168
Уақыт: 2024-05-01 00:38:47

Айтыс – ұлтымыздың мұрасы

Айтыс – наследие  народа Айтыс – наследие народа
Айтыс – наследие  народа Айтыс – наследие народа

2023 жылы 27 қыркүйек күні М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайында айтыскер-ақын, «Ақынның сыйлығынан сөзі қымбат» облыстық айтыстың Бас-жүлде иегері Нұрбек Бәкірмен кездесу өтті.

Айтыс – наследие  народа  Айтыс – наследие  народа  

 
Аталмыш кездесу «Табысқа апарар жол» және «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілген болатын. Іс-шара Оқушылар сарайының «Мұрагер» және «Еркемай» домбыра ұжымдарының ән-күйлерінен басталды.  
Айтыс – сөз барымтасы туралы білу үшін Оқушылар сарайы «Қаламгер» стуиясының тәрбиеленушілері, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің оқушылары, Б.Момышұлы, М.Жүсіп атындағы ЖОББМ-нің оқушылары келіп қатысты.  
Нұрбек Бәкір Баянауыл елінің тумасы, Көкшетау қаласында өткен «Бала ақын жас дарын» атты республикалық ақындар айтысында Бас жүлде иегері, Семей қаласында өткен «Ақберен» республикалық ақындар айтысында 2 ші орын иегері,  М.Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақынның сыйлығыннан сөзі қымбат» атты облыстық ақындар айтысының Бас жүлде иегері. Қазірге таңда Қалижан Бекқожин атындағы мектепте ұстаздық қызметте.  
Нұрбек балалық шағынан бастап нағашы әжесімен айтысқа шыққаны туралы айтып, айтыс өнеріне балалық шағынан жақын екенін айтып өтті.  Айтысқа шыққанда шабытты қайдан алатыны жайлы және сахынада болған түрлі қызықты оқиғалармен бөлісті. Қатысқан оқушыларға оқуларына табыс тіледі, кеңестер айтты.
Сонымен қатар, Оқушылар сарайының сахынасында Нұрбек Бәкір Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Қазыбек Ибрахиммен жекпе-жек айтысқа шығып, оқушыларды тәнті етті. Келген мектеп оқушылары айтыстың қызығына беріліп, айтыскер-ақынмен қимастықпен қоштасты.   
Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс. Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер. «Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады.
-Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыру басты мақсат. Ал бүгін осы кездесуге оқушылар келіп, айтыс өнеріне қызығушылықтары бар екені, көздеріндегі отты байқадым -  деді айтыскер Нұрбек Бәкір.
-Әр халықтың айтыс өнерінде өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Қазақ халқында айтыс домбыра мен қобызмен сүйемелденді. Бұрын айтыс қоғамдық жиындарда, мерекелерде және ойын-сауық іс-шараларында жиі өткізілетін. Айтыс ойын-сауық пен әзіл-қалжың үшін ғана емес, халықтың қалауы бойынша, елдің түкпір-түкпірінен ақындарды шақыра отырып ұйымдастырылды. Тарихтан айтыс рәсімінің өзі үлкен үйлену тойына ұқсас болғаны белгілі. Іс-шарамыздың басты мақсаты-балаларға осы айтыс өнері туралы айтып, «Төрт токсан - төрт өнер» жобасымен таныстыру, - деді кездесу ұйымдастырушысы  әдіскер Әсем Аипова.

Түсініктемелер қосу