Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12947105
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4939
14147
19086
12665085
265558
375712
12947105

Сіздің IP: 3.16.76.43
Уақыт: 2024-04-30 23:48:11

120-ға жуық оқушы жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слетіне қатысты

2023.05.24 01 Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»
2023.05.24 02 Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»

2023 жылдың 23 мамыр күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында  жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының облыстық слеті өтті. Слетке облыс мектептерінің оқушылары, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатарынан 12 команда қатысты.

2023.05.24 03 2023.05.24 04 


Слетке қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу, ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсету, саптық даярлау және көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы білімдерін насихаттау бойынша сынға түсті.
Байқаудың «Сап түзеу» кезеңінде барлық қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсете білді, әрбір отряд сап түзеу дайындықтарын ұсынды. Жас инспекторлар «Қауіпсіз дөңгелек» кезеңінде спорттық дайындықтарын да ортаға салды. Сонымен қатар, жол жүру ережелері бойынша білімдерімен де сыналды. «Жас санитар» атты кезеңде сайыскерлер жеті теориялық сұраққа жауап беріп, практикалық тапсырмаларда әр-түрлі жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша 3 орынға Екібастұз қаласының командасы, 2 орынға  Шарбақты ауданының командасы ие болды. 1-ші орынды Аққулы ауданының командасы иеленді. Слет жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Түсініктемелер қосу