Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15732392
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1889
15540
1889
15471449
386755
367126
15732392

Сіздің IP: 18.216.208.243
Уақыт: 2024-12-23 01:46:29

Мамандықтың бәрі жақсы

Все профессии важны - все профессии нужны Все профессии важны - все профессии нужны
Все профессии важны - все профессии нужны Все профессии важны - все профессии нужны

2023 жылдың 5 мамырында Оқушылар сарайында облыстық «Pro – time» жобасы аясында студенттер арасында «Барлық мамандықтар маңызды-барлық мамандықтар қажет» үздік үгіт-насихат бригадасына конкурс өтті. Павлодар қаласының жеті колледжінің студенттері өздерінің оқу орындарын таныстырды.


Командалар бейнероликтер, слайд-презентациялар дайындады, онда колледждердегі қарапайым мектеп түлектерінің нағыз кәсіпқойларды қалай дайындайтыны туралы айтылды. Болашақ аспаздар, спортшылар, тігіншілер және техникалық мамандықтар туралы ән айтты, би биледі, миниатюралар қойды және өз колледждері туралы мақтанышпен сахына төрінде көрсете білді.
Павлодар қаласы мектептерінің 8-9 сынып оқушылары үшін ТжКБ педагогтары мен студенттері буклеттер дайындап, колледждерге түсу және оқу ережелері туралы әңгімеледі.
Конкурстың қазылар алқасы: Иманбекова Галия Майдановна - М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайының тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары, Рахимжанов Ризат Русланович – ЖБҚО директорының орынбасары, волонтер, қоғам қайраткері, «New vision team» қоғамдық қорының директоры, Кенесбаева Марина Куатбековна - психолог, № 21 ЖОМ-нің профориентаторы,  Абишева Асемгуль Вахитовна - Б.Ахметова ат. Педагогикалқы жоғары колледжінің оқу-кәсіптік жұмыстың басшының орынбасары, Букваева Гульнар Искаковна – Павлодар техникалық-экономикалық колледжінің арнайы экономикалық пәндер оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі, ҮЕҰ академиясының жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының бизнес инкубаторлар және бизнес акселераторлар қауымдастығының тең құрылтайшысы, бизнес жаттықтырушы, ментор, трекер, digital trener.
Үгітбригадалар байқауында Павлодар қызмет көрсету колледжі жеңіске жетті. 2 орынды Павлодар политехникалық колледжі, ИнЕУ жоғары колледжі және Павлодар машина жасау колледжі иеленді. 3 орын - жоғары электроника және коммуникация колледжі, мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резерв колледжі және ақпараттық технологиялар колледжінің командасы иеленді.
Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің «Winx» командасы «Мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін» номинациясында, «ИнЕУ-ліктер»  командасы марапатталды, ИНЕУ жоғары колледжі – «Өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясында, Павлодар политехникалық жоғары колледжінің «ППВК» командасы – «креативтілігі үшін» номинациясында болды.
-  «Профи-time»  жобасының мақсаты мектеп оқушылары арасында колледждердің кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру болып табылады,- деді жоба үйлестірушісі Аксана Фрик.

Түсініктемелер қосу