Оқушылар сарайында көшбасшылар конкурсы өтті
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Конкурс лидеров прошел во Дворце школьников
|
Конкурс лидеров прошел во Дворце школьников
|
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымдастыруымен қалалық, аудандық «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымдары көшбасшылары-қыранбасшыларының «Үздік-Ұлан-2023» облыстық байқау – конкурсы өтті.
Аталмыш конкурс үш жылда бір рет өткізіледі. Аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары бүгін Оқушылар сарайының сахнасында бақ сынасты. Финалға 11 оқушы қатысты. Конкурс барысында қатысушылар шығармашылық портфолиосын ұсынып, өзін-өзі таныстырды. Екінші тур "Мен ұлы елдің азаматымын" шешендік өнер байқауы болды. Бұл жерде әр көшбасшы осы тақырыпты аша отыра, өз ойларын жеткізді. 3 турда "Мен және менің ұйымым" шығармашылық визиткасын көрсетіп, өздерінің қоғамдық қызметін, әлеуметтік жобаларға қатысуын, жұмыс нәтижелерін көрсете білді. Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдеге Шарбақты ауданының Шегірен ЖОББМ оқушысы Тілеубекұлы Әли ие болды. 1 орынға Ақтоғай ауданынан Сембі Інжу мен Аққулы ауданынан Шуганова Зере ие болды. 2 орынға ие болғандар Арғанбайқызы Айшуақ Ақсу қаласы; Ақтас София Екібастұз қаласы; Ерсайын Лаура Тереңкөл ауданы; Хайбуллова Аиша Павлодар қаласы. 3 орынға ие болғандар Бағдат Нұрмұхамед Ертіс ауданы; Қанатова Адия Баянауыл ауданы; Баймұратова Аружан Павлодар ауданы; Төкен Аянат Май ауданы.
Түсініктемелер қосу