Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары анықталды
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Лучший орган школьного самоуправления определили во Дворце школьников
|
Лучший орган школьного самоуправления определили во Дворце школьников
|
2023 жылдың 28 ақпан күні М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында "Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік органы" облыстық жобасы аясында «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары» өзін-өзі таныстыру байқауы өтті. Облыстық байқауға қала мен аудандардан жеңімпаз атанған 8 оқушы қатысты.
Байқауға қатысу үшін оқушының өзін-өзі басқару көшбасшыларының тиісті деңгейдегі өзін-өзі басқару органының басшысы ретінде кемінде жарты жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Байқау екі кезеңде өткізілді - бейне визитка оқушылардың өзін-өзі басқару органының басшысы ретінде өзін-өзі таныстыру және көшбасшы портфолиосы. Білім беру ұйымдарының қызметінде өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттыру, жастарды қолдау мақсатында өткізілген байқауда оқушылар мектеп өмірінде ұйымдастырып, өткізген іс-шараларымен және өз жетістіктерімен бөлісті.
Аталмыш байқауға ерікті, қоғам қайраткері, «New vision team» ҚҚ басшысы Ризат Рахимжанов, «Павлодар медициналық жоғары колледжі» студенттік парламентінің президенті Азамат Аманбаев, Павлодар облысы бойынша Қазақстан студенттер Альянсы Штабының төрағасы Дәурен Шарипов қазылық етті.
Әділ қазылардың шешімі бойынша 1 орын Мұқаш Асылболат, Аққулы ауданы Шарбақты ЖОББМ
2 орын - Фот Дарья, Успен ауданы Вознисен ЖОББМ
2 орын - Дүйсембай Санат, Тереңкөл ауданы Байқоныс ЖОББМ
2 орын - Касенова Алуа, Ақсу қаласы Абай ЖОББМ
3 орын - Парыгин Вячеслав, Ертіс ауданы Қызылжар ЖОББМ
3 орын Турбин Влад, Шарбақты ауданы «Гимназиялық сыныптары бар ЖОББМ»
3 орын - Қайролла Рымгүл, Баянауыл ауданы Ж. Ағаділов ат. ЖОББМ
3 орын - Дзуматова Ясмин, Павлодар қаласы № 26 ЖОББМ
- Балалар мектеп парламентінің маңыздылығын, қандай іс-шаралар өткізетінін, өз идеяларын, жаңа әзірлемелерін көрсетті. Балалардың көмегімен біз мектептегі өзін өзі басқаруды дамытамыз және әр бала осы бағытта дами отыра, өзіде тұлға ретінде дамиды, - деп атап өтті байқаудың ұйымдастырушысы Айжан Оразбаева.
Түсініктемелер қосу