Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12639903
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12578
29268
98852
12290016
334068
367470
12639903

Сіздің IP: 3.238.57.9
Уақыт: 2024-03-28 15:16:29

Журналистпен кездесу

Встреча-диалог с журналистом Встреча-диалог с журналистом
Встреча-диалог с журналистом Встреча-диалог с журналистом

2023 жылдың 28 ақпан күні «Табысқа апарар жол» жобасы аясында М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайында «Евразия» бірінші каналының журналисті, «Әділ сөз» халықаралық қорының меншікті тілшісі Майя Шуақбаевамен кездесу-диалогы өтті.  

Встреча-диалог с журналистом  Встреча-диалог с журналистом  

 
Кездесуге Павлодар қаласының № 17 ЖОМ-нің, А. Байтұрсынұлы ат. инновациялық мектебінің, Оқушылар сарайының  «Қаламгер» студиясының және «Junior s Jornal» жас журналистер әдеби клубының тәрбиеленушілері қатысты.
Майя Павлодар университетінде журналистика факультетіндегі оқу жайлы, журналист жұмысының қыр-сырын, қиын да қызық жолын, мамандықтың  ерекшеліктері, журналистке қажетті кәсіби қасиеттер туралы, сонымен қатар өзінің журналистік тәжірибесіндегі ең есте қалған сәттерімен бөлісті. Ол "Еуразия" бірінші арнасында жаңалықтардың қалай жасалатынын айтып, журналистердің құқықтарын қорғайтын "Әділет сөз" халықаралық қоры жайлы ақпарат берді. Оқушылар қонақтан сұхбат алып, журналисттің репортаж жасау барасында күлкілі оқиғаларды тыңдап, кездесуге қызығушылық танытты.
Ол журналистің өмірінен ерекше мысалдар келтіріп, журналисттің бір күні қалай өтетіні жайлы, журналистің мүмкіндіктері туралы, журналистер мамандар журналистік тергеуді қалай дұрыс жүргізіп отырғаны жайлы,  көмекке мұқтаж адамдарға қалай көмектесетіні туралы көп мағлұмат берді.   Майя Шуақбаева іс сапары бойынша Ұлыбритания, Украина, Ресей, Финляндия, Түркия сияқты көптеген елдерде болған.
Барлық оқушылар қонақты мұқият тыңдап, әңгімеге қатысып, сұрақтар қойды.
А. Байтұрсынұлы мектебінің 10 «а» оқушысы  Валерия Стерхова мектепті бітірген соң журналистика факультетіне түседі екен. Журналистпен кездесуде ол белсенділік танытып, сұрақтар қойып, Майядан пайдалы кеңестер алды.
Кездесуде Майя Шуақбаева балаларға сұхбат жүргізу бойынша шағын шеберлік-сабақ өткізді, қызықты сұрақтарды қалай таңдау керектігін көрсетті. Кездесу барысында "Мен өз елімнің патриотымын" көрікті жерлерінің облыстық макеттер байқауының жеңімпазы Данила Савониктен сұхбат алды.
-Балалар, кітап оқуды әдетке айналдырыңдар! Өйткені кітаптар ешқашан заманауи гаджеттерді алмастыра алмайды. Кітап оқу арқылы сіздер сауатты сөйлеуді, жазуды, ойлауды және бір-бірлерімен әңгіме құруға секкптігін тигізеді. Егер сіз өз өміріңізді журналистикамен байланыстырғыңыз келсе, қазірден бастап қаламгер қадамын бастаңыз,  - деп түйіндеді журналист Майя Шуақбаева.
-Майя Шуақбаева журналист өмірінің қыр-сырын баяндап, журналистика факультетіне түсушілерге кеңес берді, - деді кездесу ұйымдастырушысы Асем Аипова.
Іс-шара соныңда қатысушылар қонақпен суретке түсіп, ал Оқушылар сарайының «Жас даурен» вокал студиясы «Балалық шақ» әнің сахына төрінде орындады.

 

Түсініктемелер қосу