Ертегілер әлеміндегі сыбайлас жемқорлық
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Вместе со сказкой против коррупции
|
Вместе со сказкой против коррупции
|
Оқушыларды құқықтық тәрбиелеу қазіргі заманғы мектептегі білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Оқу жылы ішінде «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның штабы «Ертіс өңірі - Адалдық алаңы» атты облыстық жобаны іске асырды.
Жоба балаларды ақпараттық – құқықтық біліммен қамтамасыз етуді, олардың өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыруды көздейді.
Жобаның бірінші кезеңінде мектеп командалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза қолдар» әлеуметтік ролигін ұсынды. Екінші кезең "Жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» атты эссе байқауында үздіктерді анықтады.
2023 жылдың 23 ақпан күні М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайында «Ертегілер әлеміндегі сыбайлас жемқорлық» театр қойылымдарының соңғы байқауы өтті.
Байқаудың финалистері ар-намыс, жауапкершілік және әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған театрландырылған қойылымдарды сахына төрінде көрсете білді.
«Шықбермес Шығайбай және Алдар көсе», «Бауырсақ», «Теремок», «Сказка о рыбаке и рыбке», «Иван царевич и Серый волк» ертегілерінің желісі бойынша байқаудың тақырыбын аша білді.
Ертегі кейіпкерлері арқылы қазіргі қоғамның жаман жақтарын бейнеледі. Нақты мысалдармен балалар сыбайлас жемқорлықтың қандай зардаптарға әкеп соқтыратынын көрсетті, сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі жағдайда кездесіп, одан құтылудың және жол бермеуді сахыналады.
Командадарға әділ баға берген қазылар алқасының мүшелеріне
Сагитов Диас Муратович – «Жастар және СӨС» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Балтабаева Айсулу Ахметбековна - ҚР Мәдениет саласының үздігі. Ж. Аймаутов ат. қазақ музыкалық драма театрының әртісі,
Жуанышева Гульсум Хамзиновна – № 7 мектеп-интернатының тәрбие жұмысы бойынша басшының орынбасары,
Жеңімпаздар:
1 орын – «Ауыл time» командасы, Қаратереқ ЖОМ, Май ауданы
2 орын - «Патриот» командасы, Павлодар қ., №26 ЖОМ
2 место - «Коррупция крадет наше будущее» командасы, Шарбақты ауданы, № 2 ЖНМ
2 орын - «Юные театралы» командасы, Қаныш Сатпаев ат. НМ, Ақтоғай ауданы
3 орын - «Ерікті қадам» командасы, №3 мектеп-гимназиясы, Павлодар қ.
3 орын - «Адал достар» командасы, Хмельницкая ЖОМ, Шарбақты ауданы
3 орын – «Жарқын болашақ» командасы, Шілікті НМ, Ақтоғай ауданы
3 орын – «Серпін» командасы, А.Бөкейханов ат ЖОМ, Павлодар қаласы.
«Ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша Ясмин Дзуматова, №26 ЖОМ.
«Ең үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша - Иасин Аманғали, Ертіс ауданы.
«Ең үздік көркем безендіру» номинациясы бойынша – Шарбақты ауданының
«Алтын балық» командасы Чигириновка ЖОМ және «Адал достар» командасы.
«Ең үздік сахына костюмі» номинациясы бойынша Май ауданы Қаратереқ ЖОМ «Ауыл time» командасы және «Ақсу аңыздары» командасы Ақсу қаласы Шулембаев ат.ЖОМ.
-Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бастауыш жалпы білім беруден бастап мектептегі білім берудің барлық кезеңдерінде қажет. Жоба онлайн және офлайн форматта өтті. Балалар адам әрқашан адал болуы керек екенін өз сахыналық қойылымдарында айтып берді, - деді жоба үйлестірушісі Аксана Фрик.
Түсініктемелер қосу