Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12808867
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6044
5749
28939
12574557
127320
375712
12808867

Сіздің IP: 3.145.58.169
Уақыт: 2024-04-19 19:14:32

Жазушымен жүздесу

Встреча с поэтом – это всегда увлекательно Встреча с поэтом – это всегда увлекательно
Встреча с поэтом – это всегда увлекательно Встреча с поэтом – это всегда увлекательно

Оқушылар сарайында "Табысқа апарар жол" жобасы аясында балалар жазушысы, Қазақстан Журналистер Одағының және П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі Людмила Николаевна Бевз және С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Марал Абылайханқызы Тәженовамен шығармашылық кездесу өтті. Кездесу "Досиктің дәуірлерге саяхаты: ежелгі Павлодар туралы ертегі" кітабының шығуымен байланысты.

Встреча с поэтом – это всегда увлекательно  Встреча с поэтом – это всегда увлекательно  

Шығармашылық кездесуге Павлодар қаласының № 33, 34 ЖОББМ оқушылары, Оқушылар сарайының "Қаламгер" студиясының тәрбиеленушілері қатысты.
2022 жылғы 30 қарашада Павлодар қаласында С. Торайғыров атындағы кітапханада Людмила Бевз және Марал Тәженованың "Досиктің дәуірлерге саяхаты: ежелгі Павлодар туралы ертегі" кітабының тұсаукесері өтті. Павлодардың палеонтологиясы мен археологиясы алғаш рет ертегі түрінде жазылды. Ежелгі Павлодар туралы ғылыми-танымдық ертегі кішкентай павлодарлықтар Тарихқа дейінгі Павлодарды ертегі кейіпкері – ізденімпаз Досикпен бірге үйренуі үшін қолжетімді тілде жазылған.
Марал Абылайханқызы кітаптың жасалу тарихы, тарихи материалды іздеу туралы айтып берді.
Жоба идеясы қалай пайда болды, неге мұндай мақсатты аудитория таңдалды, кітап қандай жолдан өтті, ғылыми мәтінді ертегіге айналдыру қиын ба, автор ғылыми-танымдық ертегіні жазу кезінде қандай тәжірибе жинады, болашақта жалғасы бола ма – бұл сұрақтарға кітаптың бірлескен авторы Людмила Бевз жауап берді.
Кітап екі тілде жарық көрді, оны Айбек Оралхан аударып, суретін жас суретші Лейла Андерсон салды.
Осы кеште балалар Людмила Николаевнаның шығармашылығымен және оның әдемі өлеңдерімен танысты. Марал Абылайханқызы балаларды кітап оқуға кітапханаға шақырды. Балалар "Қаздың ұшуы" туралы бейнероликтерді тамашалады.
Кездесуге қатысушылар балалар кітабын және ежелгі Павлодардың тарихын  қызығушылықпен тыңдады. № 34 ЖОББМ оқушысы бұл кітапты өлкетану бойынша қосымша әдебиет ретінде мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды.
- Балалар, кітап ештеңені алмастырмайды, кітап оқыңыздар, қызығушылық танытыңыздар, - деп атап өтті Людмила Бевз.
- Іс-шараға дейін "Қаламгер" жасөспірімдері студияда кітапты оқып шықты, авторлардың өздерінен сұхбат алу өте қызықты болды, - деп атап өтті кездесуді ұйымдастырушы Әсем Аипова.

 

Түсініктемелер қосу