Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12862083
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2330
4587
40756
12623686
180536
375712
12862083

Сіздің IP: 18.188.108.54
Уақыт: 2024-04-26 06:17:35

Қызыққа толы қысқы демалыс

Зимние каникулы – праздник волшебства Зимние каникулы – праздник волшебства
Зимние каникулы – праздник волшебства Зимние каникулы – праздник волшебства

Жаңа жыл бұл балаларға арналған - ертегілер мен ғажайыптар уақыты. Осы кезде барлық балақайлар Аяз Атаны, Ақшақарды және қысқы демалысты күтеді. Балалар бұл сәтте көп тынығуға, достарымен уақыт өткізуге, кинотеатрға баруға, шана мен шаңғы, коньки тебуге, компьютер ойнауға тамаша мүмкіндіктері бар.  
Ертіс-Кереку өңірінің оқушылары М.М.Катаев ат.Оқушылар сарайы дайындаған  қысқы каникул танымдық іс-шараларымен есте қалды. Бұл шығармашылық мекенде әрбір жеткіншек өзіне ұнаған іспен айналыса алды.

Зимние каникулы – праздник волшебства Зимние каникулы – праздник волшебства 

Зимние каникулы – праздник волшебства Зимние каникулы – праздник волшебства

Зимние каникулы – праздник волшебства Зимние каникулы – праздник волшебства

   
«Пиксель өнері стиліндегі үш өлшемді иллюстрация», «Қала жағдайындағы заманауи жасыл технологиялар», «Таңғажайып робототехника» атты шеберлік-сабақтарында оқушылар көп мағлұмат алды. Мұндай сабақтар баланың ой-өрісін кеңейтіп, күнделікті өмірлерінде көп пайдасы бар.  
«Өз қолдарымен жаңа жылдық ертегі жасау» сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнерінің арт-алаңдарында әр қатысушы авторлық бұйымдарды жасауда өз қиялдарын көрсете білді. «Қысқы шаш өру» шеберлік-сабағында барлық қатысушылар шаштараз өнерінің алғашқы дағдыларын алды.
Қазіргі таңда «Astro-Cinema» планетарииінде «Ғарышқа саяхат жасау» астрономиялық сабақтар мектеп оқушылар арасында өте танымал. Ғарыш әлеміне саяхат жасау, күн мен жұлдыздар жүйесіне интерактивті экскурсия, танымдық ойындар балаларды бірден баурап алды.
Оқушылар сарайының планетарийі «Күннің жұмбақтары», «Құс жолының орталығы», «Ғаламшар энергиясы», «Таңғажайып күн» атты ғылыми – танымдық фильмдермен толыққан болатын. Балалар бұл фильмдерді тамашалап, астрономия саласы бойынша өз білімдерін жетілдірді.
«Аязды-қар патшалығы» атты ойын бағдарламасы және «Ғажайыптар жалғасуда» атты конкурстық ойындар балаларға базарлық болды.  Балалар жұмбақтар шешіп, ертегі викторинасының сұрақтарына жауап беріп, мерекелік флэшмобқа қатысты.
«Джунгли елінде» атты қызықты жаңажылдық оқиға балаларға ұнады.  Олар біраз уақыт ертегі кейіпкері атанып, «Экобатл» конкурсынан өтіп, табиғат пен жануарларды қалай қорғау керектігін білді.
«Калейдоскоп» театр студиясының жас әртістері «12 ай» және «Золушка» қойылымына кішкентай көрермендерді шақырды.
Бұл студияда облыстық және республикалық театр шеберлері байқауларының жеңімпаздары болған дарынды балалар. Сахына төрінде жаңажылық ертегілерді шебер ойнады. Павлодарлық оқушылар ертегі әлеміне саяхаттап, кейіпкерлерге жанашырлық танытып, жас актерлердің кәсіби ойындарын қызығушылықпен тамашалады.
Сахна төрінде «Арман-шоу» театр-студиясы мен «Арлекино» студиялары оқушыларға сахына төрінде  «Ақшақар мен оның достары» атты шытырман музыкалық оқиғаны сыйлады.
«Табысқа апарар жол» жобасы аясында Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Журналистер одағының мүшесі және Көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі Тақырбасов Ерсін Қасқиұлымен кездесу өтті. Ерсін Қасқиұлы өмір бойы бейнелеу өнерімен айналысып келеді екен.  Суретшіні жерлесі, танымал ағартушы, тарихшы, этнограф, фольклортанушы, геолог, дипломат, жазушы, суретші Шоқан Уәлиханов шабыттандырады. Еркін Қасқиұлы балаларды өзінің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстырды, қызықты адамдармен кездесулер туралы әңгімеледі, балаларға кескіндеме және фотография бойынша шағын шеберлік сабақ көрсетті. Ерсін Қасқиұлымен өз ісінің майталман шебері, ол қылқаламмен ақ қағаз бетіне қазақ халқының болмыс-тіршілігін, батырлардың суретерін салғанды ұнатады. Туған халқының тарихын жақсы білетін, қазақ руларының шежіресін жақсы білетін Шоқан Уәлиханов суретші өмірінде үлкен орын алады екен.
Облыстық "Аққу" және "Мирас" жобалары аясында жоғары сынып оқушылары үшін №4 авариялық-құтқару бөлімінің өкілдерімен кездесу өтті. Балалар өрт сөндірушінің маңызды және қажетті мамандық екенін білді.  Қонақтар балаларға мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі туралы айтып, арнайы өрт сөндірушілердің жабдықтарын қалай тез кию керектігін көрсетті.
«Жас Ұлан» көшбасшылары Павлодар қаласының № 1, 4, 7 мектеп-интернатының балалары үшін «Be happy!» атты ойындық бағдарлама дайындады. Балалар Мадагаскар мультфильм кейіпкерлерімен кездесіп, кейіпкерлермен бірге әр түрлі елдерге саяхат жасап, Аяз Ата мен Ақшақармен ойындар ойнады.
Оқушылар сарайындағы жаңа жылдық демалыс барша балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өткізілген мерекелік іс-шаралар естен кетпестей әсерге бөледі.

 

Түсініктемелер қосу