Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15713537
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
11318
15223
85846
15337407
367900
367126
15713537

Сіздің IP: 3.143.22.49
Уақыт: 2024-12-21 21:19:21

Оқушылар сарайында табысты адамдармен кездесулер жалғасуда

Во Дворце школьников продолжаются встречи с успешными людьми Во Дворце школьников продолжаются встречи с успешными людьми
Во Дворце школьников продолжаются встречи с успешными людьми Во Дворце школьников продолжаются встречи с успешными людьми

2022 жылдың 25 қараша күні Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» жобасы аясында бизнесмен, қоғам қайраткері, ерікті Болат Сүлейменовпен кездесу өтті.

Қонақпен кездесуге М.Жүсіп Көпейұлы атындағы, М.Батыр атындағы ЖОББМ, № 18, 24, № 3 дарынды балаларға арналған гимназия және М.Әуезов ат. ЖОББМ   оқушылары және «Қаламгер» студиясының тәрбиеленушілері келді.
Балалар жас бизнесмен Болат Сүлейменовтің өмірімен танысты. Ол 1990 жылы туған, «Болат» отбасылық шаруа қожалығының басшысы, «buka_films» командасының негізін қалаушы, фильмдер және әлеуметтік, көркемдік роликтер түсіріп, қоғамдық жұмыспен айналысады. "Мен өз қалама пайдалымын" ұранымен бір командада жұмыс істейді, бұл ортада қала тұрғындарының өмірін жақсартуға мүдделі адамдар бірігеді. Болат оқушыларға кітап оқуға, ата-аналарын сыйлауға, сауапты іс жасауға кеңес берді.
Балаларды табысқа жету жолын қалай дұрыс таңдау керек, жас кезінде бизнесті қалай ашу керек, хобби өмір бойы бизнеске айналуы үшін мамандықты қалай таңдау керек екендігі қызықтырды.
- Менің ұраным-өз қалама, еліме пайдалы болу. Балалар, қажырлы жұмыс істеп өз істерінді бастаудан қорықпаңыздар! Тәуекелге барыңыз, батыл болыңыз! Ата-анаңыз сізді мақтан тұтуы үшін жақсы істер жасаңыз! – деді Болат Сүлейменов.
-    Балалар өз өлкесінің батырларын білуі керек, сондай-ақ Болат сияқты адамдардан үлгі алуы керек. Егер олар өз бизнесін жоспарлап, оны дамыта алса, олар мұқтаж адамдарға көмектеседі және болашақта ерікті болады, - деді кеш ұйымдастырушысы Айжан Оразбаева.

Түсініктемелер қосу