Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15722348
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7385
12744
94657
15337407
376711
367126
15722348

Сіздің IP: 3.147.42.34
Уақыт: 2024-12-22 14:21:29

Оқушылар сарайында «Мирас» жобасының тұсауы кесілді

Оқушылар сарайында «Мирас» жобасының тұсауы кесілді Оқушылар сарайында «Мирас» жобасының тұсауы кесілді
Оқушылар сарайында «Мирас» жобасының тұсауы кесілді Оқушылар сарайында «Мирас» жобасының тұсауы кесілді

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2022 жылдың 13 қазан күні биылғы оқу жылында облыс мектептерінде  ашылған  «Мирас» ұлдарға арналған жобаның «Нағыз ер азаматтарға тән қасиет» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Б.Момышұлы, М.Әлімбаев, М.Әуезов, Қ.Беккожин, Қ.Мақпалеев, Ж.Ташенов атындағы ЖОББМ, №№ 2, 7, 21, 30, 32, 33 ЖОББМ-нің «Мирас» клубының мүшелері қатысты. 

Оқушылар сарайында «Мирас» жобасының тұсауы кесілді  Оқушылар сарайында «Мирас» жобасының тұсауы кесілді  

 

Аталмыш шараның құрметті қонағы қаламыздағы «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хызыр Жанарыс болды.    
Хызыр Жанарыс балаларға ең алдымен ата-анаға, ұстаздарына,  жолдасына құрмет көрсету, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, сыйластық, жанашырлық, біреуге қиянат жасамау, интернетті кітаппен алмастыру керек екенін, осы қоғамда өздерінің орнын бала кезден қалыптастыруға кеңес берді.
Сонымен қатар Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Оразбек Бахытхан және Б. Момышұлы атындағы мектептің үйірме жетекшісі Алмат Орынбаев өз пікірлерін ортаға салып, ер бала тәрбиесінің бүгінгі күн талабында өте маңызды мәселе екенін атап өтті.
-Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Бүгінгі мағынасы зор іс-шарада ұл бала тәрбиесін жан-жақты талқыға салып, өзіндік ерекшеліктерін ашуға тырыстық, - деді  Хызыр Жанарыс.
-«Мирас» жобасының басты мақсаты ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, ұлттық тәрбие беру арқылы балалардың бойына ұлттық намыс, ұлттық дәстүрді қалыптастыру. Ұл балаларды спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, - деді Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы, «Мирас» жобасының үйлестірушісі Замзагүл Айтыбаева.

 

Түсініктемелер қосу