Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17889575
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1013 5907 54207 17612897 1013 327835 17889575 Сіздің IP: 216.73.216.163
Уақыт: 2025-06-01 04:15:11
|
Оқушы тұлғасының әлеуметтенуі
М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2014 жылдың 8 қаңтарында облыс ұстаздарына «Негізгі және қосымша білім берудің ықпалдасуы тұлғаны әлеуметтендірудегі кедергіні жеңудің бір шарты» атты облыстық семинар өткізілді. Қосымша білім беру ұйымдарының ғылыммен қарым-қатынасы туралы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің психология магистрі, психология мен педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жунусова А.Р. сөз сөйледі. №39 ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Котенка А.А. оқушыларды әлеуметтендірудегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. №41 ЖОББМ психологі Ряснова Ю.В. бала тұлғасын әлеуметтендіру факторларының бірі ретінде аддективті мінез-құлықтың алдын алу мәселесіне назар аударды.
Семинар барысында тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен сынып жетекшілер үшін қазақ және орыс тілдерінде секциялар жұмыс істеді. Оқушылар сарайының әдіскерлері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының балаларды әлеуметтендірудегі мүмкіндігі», «Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі», «Дидактикалық құралды жасау және жұмыста пайдалану тәжірибесі», «Ата-аналармен жұмыстағы инновациялық формалар» тақырыптарындағы шебер-сыныптар мен «Екі полюс – екі құрлық» гендерлік тренингін өткізді. Семинарға қатысушылар «Деды – ветераны, внуки – следопыты» мұражайында экскурсияда болып, өз бағыттары бойынша қосымша көмек алған әдістемелік кабинетте жұмыс жасады. |