Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22678081
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9158 11849 55200 22408276 162897 338951 22678081 Сіздің IP: 216.73.216.110
Уақыт: 2026-06-19 17:47:33
|
Жаңа жылдық өрнектер
2014 жылдың 6 қаңтарында Оқушылар сарайы негізінде қала мектептері оқушыларының қатысуымен «Заманауи балалар қозғалысы – үлкендер мен балалар ынтымақтастығы формуласы» атты Ашық есік күндері өткізілді. 15 шығармашылық алаң жұмыс істеді: «Могу ли я быть лидером?» гайд – паркі; Варя Даирбаева, Игорь Неустроев және Александр Межуев секілді Павлодарлық ақындармен кездесу түрінде ұйымдастырылған «Живое слово» әдеби кеші; «Литературное лото» зияткерлік ойыны; «Көшбасшылық» белсенді балалар мектебі; «Тразегор» еліне саяхат; «Слова, которые ранят» ұжымдық әрекеттестік тренингі; «Угадай мелодию» музыкалық-танымдық ойыны. Кездесуге қатысушылар өздерінің қабілеттері мен таланттарын мектеп редколлегияларына арналған «Қызықты журналистика», «Техника рисования светом», «Телевидение глазами детей» атты шебер-сыныптары мен хореографиялық өнер бойынша «Движение – это жизнь», хор өнері дағдыларын дамыту бойынша «Әсем әуен», қолданбалы өнер бойынша «Новогодние сувениры», шаш сәндеу бойынша «Ажурные чудеса» шебер-сыныптарында көрсете алды.
Шығармашылық алаңдар жұмысы «Жаңа жылдық өрнектер» атты мерекелік концертпен аяқталды. Оқушылар сарайының ән және би ұжымдарының талантты шәкірттері көрермендерге өз өнерлерін танытты. Кездесуге №№1,6,7,11,14,16,38,42 мектеп оқушылары қатысты. |














