Оқушылардың кәсіпкерлікке алғашқы қадамы
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Первые шаги предпринимательства школьников
|
Первые шаги предпринимательства школьников
|
Облыстық «М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының» ұйымдастыруымен 2021-2022 оқу жылында облыстық «Bala business» жобасы өткізілді.
Бұл жобаның іріктеу кезеңі Павлодар облысының әр аудан мен қалаларында қараша-қаңтар айларында өтті.
2022 жылдың 24 ақпан күні «М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында» жобаның облыстық туры өткізілді.
Облыстық турға Павлодар, Ақсу, Экібастұз қалалары мен Аққулы, Ақтоғай, Май, Шарбақты, Ертіс, Тереңкөл, Павлодар аудандарынан 32 жоба ұсынылып, 37 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
1 орын Жачина Айнеля, Нургалиев Шыңғыс Аққулы ауданы, Қазы ЖОББМ.
2 орын - Масалабо Александр, Ақсу қаласы, мектеп-лицейі.
2 орын - Калюжная Ангелина, Ақсу қаласы, №4 ОМ.
2 орын - Валиева Дильназ, Аккулы ауданы, Потанин ЖОББМ.
3 место - Алтынбек Хадиша, Екібастұз қаласы №4 ЖОББМ.
3 место - Хахлова Мария, Аққулы ауданы, Ямышев ЖОББМ.
3 место - Сатыбалдинова Айжан, Павлодар ауданы, Жаңа қала ЖОББМ.
3 место - Орынбаева Аружан, Тереңкөл ауданы, Трофимовка ЖОББМ.
28-29 наурыз күндері М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында «Bala business» жобасының облыстық турының жеңімпаздарына арналған жас бизнесмен мектебі өткізілді. Екі күн бойы өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтті. 28 наурыз күні сағат 14.00-ден қатысушыларды қарсы алып, оқушылар сарайында экскурсия ұйымдастырылды. Одан кейін жас бизнесмен мектебінде ақпараттық технологиялар колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы Шамгунова Әлия Ермекқызы қатысушыларға дәріс оқып, кәсіпкерлік қызмет негіздері туралы терең ақпарат беріп өтті.
29 наурыз күні «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Қаржы және есеп» кафедрасының экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Нурбаева Гульмира Ержановна қатысушыларға «Основы предпринимательства для школьников» тақырыбында дәріс оқыды.
Сонымен қатар мастер – класстар өткізілді. Бизнес-коуч, тәлімгер, бизнес-жаттықтырушы Головкина Ольга Ивановна мен трекер және бизнесті дамыту топтарының кураторы, бизнес құралдарды модульдік енгізу бойынша маман Равхат Гирфанович Шихов «Бизнес деген не?» және «Өз ісіңді қалай табуға және одан ақша табуды бастауға болады» деген қызықты тақырыптарда мастер класс өткізді.
Шара соңында «Bala business» жобасының облыстық турының жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Бұл жобалар арқылы біз өңірімізде оқушылар әлеуметтік-бизнес жобаларды іске асырып жүргенін көрдік. Өмір сапасын дамытуға бағытталған оқушылардың әлеуметтік маңызды бизнес-жобаларын іздеу және әрі қарай дамыту керек, - жоба ұйымдастырушысы Айнаш Сюендыкова.
Түсініктемелер қосу