Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15748273
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17770
15540
17770
15471449
402636
367126
15748273

Сіздің IP: 52.14.7.53
Уақыт: 2024-12-23 22:08:36

Ұлы даланың жеті қырына саяхат

Путешествия по семи граням Великой степи Путешествия по семи граням Великой степи
Путешествия по семи граням Великой степи Путешествия по семи граням Великой степи

2022 жылдың 30 наурыз күні күні Облыстық Оқушылар сарайында «Ұлы даланың жеті қырын білесің бе?» атты зияткерлік сайыс өткізілді.  
Іс-шараға Павлодар қаласының №37 ЖОББМ-нен «Болашақ» тобы, № 25 ЖОББМ-нің «Алаш» тобы және № 33 ЖОББМ-нің «Зияткер» тобы қатысты.

Путешествия по семи граням Великой степи 

 

Зияткерлік ойын 2019 жылы 18 желтоқсанда Оқушылар сарайында ашылған «Ұлы дала Ұлағаты» галереясы бойынша экскурсиядан басталды. Галереяда Еліміздің тарихы және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының негізгі кезеңдері көрсетілген. Галереяда Павлодар облысының петроглифтері, Орхон-енисей жазбалары, Ұлы жібек жолы бейнеленген. Сонымен қатар Қоркыт ата, Қожа Ахмет Яссауи, Домалақ ана, Жошы хан, Әбу Насыр Әль-Фарабидің суреттері және олардың кесенелерінің суреттері де бар. Тәуке хан, Қасым хан, Есім ханның «Жеті жарғы» атты дала заңдардың жинағы қазақ қоғамының тарихи ұйымдастыруын көруге болады.
Тарих төрінен сыр шерткен батырлардың қонаққа келуі қатысушылар үшін тосын сый болды. Бұл Абылай хан, Төле би, Қорқыт ата болатын. Олар өздерінің өмірі, Қазақстан тарихы туралы айтып берді. Хандар мен Қорқыт атаны және Төле биді балалар өте мұқият тыңдап, үлкен құрметпен қабылдады.
Абылай хан 18 жасында таққа отырып, үш жүздің басын біріктіргені туралы айтса, Төле би дала заңдарына тоқталды, ал Қорқыт ата алғаш рет ұлттық аспап қобыздың қалай жасағанын айтып берді.
Ойын  жеті кезеңді қамтып «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейне сюжетімен басталды. Командалар өз топтарын таныстырып, Ұлы даланың жеті қыры бойынша өздері дайындаған презентацияларын қорғады, арнайы дайындалған карточкалардан ұлттық ат-спорт ойындарын таба білді. Ойынның «Кім жылдам» кезеңінде «Ұлы даланың есімдері» бойынша дайындалған сұрақтарға барлық командалар толық жауап беріп, білімдерін ортаға сала білді. Сайысқа қатысушылар «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде мақал-мәтел жарысынан үздік білім көрсетті. Ойынның «Ән-тарих» кезеңінде қазақ даласының атақты күйлері «Ерке сылқым», «Адай», «Көңіл толқыны» туралы баяндап  берді.  
Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Павлодар қаласының №25 ЖОББМ-нің оқушылары «Алаш» тобы иеленді. Екінші орынды № 33 ЖОББМ-нің «Зияткер» тобы жеңсе, үшінші орынды № 37 ЖОМ-нің «Болашақ» тобы қанжығасына байлады.
-Бүгін біздің сайысымызда оқушылар атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металургиясы, алтын адам, алма мен қызғалдақ, Ұлы жібек жолы туралы мол мәлімет алып,  білімдерін де үздік көрсете білді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова.  
Абылай хан, Төле би, Қорқыт атаның рөлдерін сомдаған Павлодар қаласының №25 және № 17 мектеп оқушылары болды.

 

Түсініктемелер қосу