Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15725315
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
10352
12744
97624
15337407
379678
367126
15725315

Сіздің IP: 3.137.171.71
Уақыт: 2024-12-22 18:20:15

«Сырласайық, қырмызы қыздар»

«Сырласайық, қырмызы қыздар» «Сырласайық, қырмызы қыздар»
«Сырласайық, қырмызы қыздар» «Сырласайық, қырмызы қыздар»

2022 жылдың 2 наурыз күні Оқушылар сарайында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Сырласайық, қырмызы қыздар» атты облыстық «Аққу» клубының қыздары үшін қыз сыны байқауы өткізілді.


 

2022.03.02 03 «Сырласайық, қырмызы қыздар»

«Сырласайық, қырмызы қыздар» «Сырласайық, қырмызы қыздар»

Байқауға Павлодар қаласы № 33 ЖОББМ-нің «Сырғалым» Аққу клубының мүшесі - Сакен Әдиә, Павлодар қаласы Б. Момышулы атындағы «Аққу» клубының мүшесі – Оралова Адия,  Павлодар қаласы № 25 ЖОББМ-нің Аққу клубының мүшесі – Алменова Дильназ, Павлодар қаласы № 19 ЖОББМ-нің «Сырғалым» Аққу клубының мүшесі - Сердалина Нузар, Павлодар қаласы № 7 ЖОББМ-нің Аққу клубының мүшесі - Ошал Мадина қатысты.  
Қыз сыны байқауының құрметті қонақтары және қазылар алқасы М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы басшысы бейімдеп оқыту бойынша орынбасары Иманбекова Галия Майданова, «Бұқар жырау» атындағы әдебиет және өнер музейінің  балалар бөлімінің меңгерушісі Ботагузова Тынышгуль Буркитбаевна, Оқушылар сарайының әдіскері Оспанкулова Асима Советқызы  болды.
Аталмыш шара «Аққу» клубының қыздары үшін Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінің жоспарына сай, сонымен қатар қыздарды имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.  Сайыстың басты қағидасы әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу, табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқаудың шартына сай әрбір қатысушы «Мен қазақтың қызымын» таныстыру бөлімінде өздерін қара сөзбен, өлеңмен, әнмен шебер таныстырып шықты. «Бәйге» қазағымыздың салт – дәстүрлері бойынша бөлімінде қыздарымыз енші, көрімдік, ерулік байғазы, бастаңғы деген дәстүрлерді толық мағынасын аша білді. «Зерделінің ойы озық» атты кезеңде барлық сайыскерлер өнер, білім, мәдениет, тарих саласына байланысты құрылған сұрақтарға дұрыс жауап берді. «Қыз еркем, кестемен көркем» бөлімінде қыздарымыз ұлттық оюларды өз қолдарымен ойып, ойлардың тарихына тоқталды. «Қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді» атты кезеңінде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын керемет ашып берді. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде әр қатысушы өлеңдерін тамаша оқып, ал кейбір қатысушылар әсем әндерін ортаға салып, ұлттық аспаптарда ойнады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар келесі номнацияларға ие болды:
«Білімді ару» номинациясы - Оралова Адия, Б.Момышұлы ат.ЖОББМ;
«Шығармашыл ару» номинациясы - Ошал Мадина, № 7 ЖОББМ;
«Зерделі Ару» номинациясы - Сакен Әдиә, № 33 ЖОББМ;
«Өнерлі Ару» номинациясы - Алменова Дильназ, № 25 ЖОББМ;
«Тапқыр Ару» номинациясы - Сердалина Нузар, № 19 ЖОББМ.
Сайысқа қатысушылар дипломдармен марапатталды.  
- Атамыз қазақ ерте заманнан - ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген. Оны ақылды, сұлу, әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген. Біздің өскелең ұрпақ, қыздарымыз ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалған ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі ұрпақ болса екен, - деді аталмыш шараны ұйымдастырушы Әсем Аипова және Замзагуль Айтыбаева.

 

Түсініктемелер қосу