Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15724484
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9521
12744
96793
15337407
378847
367126
15724484

Сіздің IP: 3.145.83.149
Уақыт: 2024-12-22 16:58:29

«Өнерлінің қолы алтын» шеберлік сыныптар

 

Мастер-классы «Өнерлінің қолы алтын» Мастер-классы «Өнерлінің қолы алтын»
Мастер-классы «Өнерлінің қолы алтын» Мастер-классы «Өнерлінің қолы алтын»

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2022 жылдың 22 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Балалар жылы аясында «Өнерлінің қолы алтын» атты ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтар өтті.

Мастер-классы «Өнерлінің қолы алтын» Мастер-классы «Өнерлінің қолы алтын» 

Мастер-классы «Өнерлінің қолы алтын» 

Қазақ халқы өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Қолөнер арқылы оқушылардың дүниетанымы, адамгершілік эстетикалық талғамдары қалыптасып, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді.  
Оқушыларға «Этностильде жасалған диадема», «Сәукеле сыры», «Қыздың сәні - алқа»,  «Құрақ көрпе – құндылық», «Оюдан жасалған әмиян» атты шеберлік-сабақтарды қаламыздың білім беру мекемелерінің үздік қолөнер шеберлері Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінің оқытушысы Юминова Елена Ивановна, Павлодар қаласы қызмет көрсету саласы колледжінің оқытушысы Арыкпанова Зейнеп Сапиолаевна, Павлодар қаласы білім беру басқармасы «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының ұстаздары Акимбаева Асем Аркарбекқызы және Мусалимова Сания Сейтканқызы, Павлодар қаласы № 33 жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздары Скорчевская Елена Арнольдовна және Сунгатова Галия Балтабаевна  өткізді.
Аталмыш іс-шараға Павлодар қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясы, №25 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, № 43 ЖОББМ, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының мектеп оқушылары қатысты.
Павлодар қаласы «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының» технология пәнінің ұстазы Асанов Қанат Қайроллаұлы өзінің жеке көрмесін өткізді.  
Шеберлік сабаққа қатысқан әр қатысушы  өз қолымен жасаған бұйымдарын  сыйлық ретінде алды.
-Қазақтың қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.  Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. Оқушылар, қазақ халқының ою-өрнектерінің сырын ашып, қыз баланың шашына тағатын сәндік бұйымдар жасап, ою технологиясының түрлерімен танысып, ұлттық нақышта өз қолдарымен бұйымдар жасап үйренді, - деді іс-шараны ұйымдастырушы Әсем Аипова.

 

Түсініктемелер қосу