Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15087953
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1405
8541
50002
14727551
109442
453407
15087953

Сіздің IP: 3.137.171.147
Уақыт: 2024-11-09 05:14:25

«Аққу» клубы – Павлодар облысы қыз балаларының кездесу орыны

 

Клуб «Аққу» - место встреч для девочек Павлодарской области Клуб «Аққу» - место встреч для девочек Павлодарской области
Клуб «Аққу» - место встреч для девочек Павлодарской области Клуб «Аққу» - место встреч для девочек Павлодарской области

Оқушылар сарайында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Аққу» қыздар клубы өз жұмысын бастады.

Клуб «Аққу» - место встреч для девочек Павлодарской области  

Клуб «Аққу» - место встреч для девочек Павлодарской области 

Аталмыш клубтың басты мақсаты - бұл қыз балалардың өзін-өзі жетілдіруге, жеке тұлғаны дамытуға, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық дәстүрлерді зерделеуге бағытталған ұйым. Жасөспірім қыздарда ұлттық бірегейлікті сақтау үшін салт - дәстүрлерді зерттеу арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыруға болады.
Ұйымдастырушылар «Аққу» клубының жұмысын ұйымдастыруға бағыт-бағдар беру үшін, қыз балаларға тәрбие беру маңыздылығын түсіндіру мақсатында сеинарлар, конференциялар өткізді. Оқу жылы ішінде Оқушылар сарайының педагогтері қыз балаларға арналған шеберлік-сабақтар, сайыстар, қоғамдық ұйымдардың мамандарымен кеңестер, медицина қызметкерлерімен кездесулерді өткізді.
2021-2022 оқу жылының 1-ші жарты жылдығында «Аққу» қыздар клубының жетекшісі Замзагуль Айтыбаева «Қыз балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» атты аудандық білім бөлімдерінің, колледж әдіскерлеріне және клубтың жетекшілері үшін вебинар өткізді.
Әр бейсенбі сайын облыстық «Аққу» клубының қыздарына арналған тәрбиелік онлайн іс-шаралар өткізіледі. Онлайн шараға екі жүзден астам қыз балалар қатысады.
Павлодар қаласы № 15 ЖОББМ-нің психолог маманы А.Хамитованың қатысуымен «Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты онлайн сағат өте қызықты өтті. Бұл кездесуде қыздарға әйел сұлулығы, қыз тәрбиесі, қызға тән қасиеттерге байланысты әңгіме өз жалғасын тапты.
Ақтоғай ауданының қыздары үшін «Берекелі отбасылардың құпиясы» атты кездесу өткізілді. Бұл шараға ұстаздар жанұясынан шыққан Салтанат Абикенқызы келді. Салтанат апай өз ұстаздық жолы туралы, отбасын құру бойынша ақыл-кеңестерге тоқталды.
Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ-нің «Томирис» қыздар клубы үшін
«Ас-адамның арқауы» атты шеберлік-сабақ өтті. Қыздар қазақ халқының тағамдары құрт, қоспа, ірімшік жасаудың жолдарын үйренді.
«Қыздар арасында ең басты тақырып» атты кеңесте психолог Сауле Телегенова, заңгер Камила Мадыгулова, Павлодар қаласы № 1 емхананың акушер-гинеколог маманы Сая Каббасова «Ерте жүктіліктің алдын алу» және «Кәмелетке толмаған балаларға жыныстық тиіспеушілігі» жайлы көп мағлұмат берді. Қыздар арасында ғана қозғалатын тақырыптар төңірегінде сұрақтарға жауаптар берілді.
Павлодар қаласының қызмет көрсету колледжінің ұстаздары Айнур Соболева және Клименко Аксана «Әйелдік пен сұлулық өнері» бойынша шаш өру, шашбау, шашты күту бойынша шеберлік-сабақ жүргізді.
Май ауданының гинеколог-маманы Гүльмира Аңсабаева қыз балаларға бет күтімі, қыз баланың денсаулығы жөнінде, оның ішінде жеке гигиена тақырыбына ерекше тоқталды.
Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты викторинасы Павлодар қаласының М.Әлімбаев, Б.Момышұлы және К.Беккожин ат.ЖОББМ-нің қыз балалары үшін өткізілді. Қыздар тарих, әдебиет, космонавтика саласы бойынша білімдерін ортаға салды. Викторина қортындысы бойынша 1 орынды М.Әлімбаев ат.ЖОББМ-нің «Арай» қыздар клубы, 2 орынды Б.Момышұлы ат. ЖОББМ-нің «Қызғалдақ» тобы қанжығасына байлады, 3 орынды К.Беккожин ат.ЖОББМ-нің «Аққу» клубы иеленді.
Железин ауданында қазіргі таңда 10 мектеп қыздар клубы жұмыс жасайды. №2 железиин мектебінің ТЖДО Елена Проскурякова «Жеке гигиена – денсаулық, сұлулық және сенімділік кепілі» атты квест-ойынды өткізген болатын. Бұл ойынға Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Павлодар ауданының қыз балалары қатысты. 1 орынды Павлодар ауданы Мичурин мектебі, 2 орынды Ақсу қаласының мектеп-лицейі және Павлодар қаласы М.Әуезов ат.ЖОББМ, 3 орынды Екібастұз қаласы № 23 мектебі және Лебяжі мектебі қанжығасына байлады.
Облыстық «Тәрбие алаңы» кеңсесінің заңгері Камила Мадыгулова «Менің құқықтық алаңым» атты тәрбиелік сағат өткізді. Ол құқықбұзушылық, балалардың кешкі мезгілде далада серуендеуге болмайтыны жайлы, ата-анаға сый құрмет көрсету туралы кеңес берді.
-Клубтың барлық қызметі жасөспірім қыздардың әлеуметтенуіне психологиялық-педагогикалық қолдау көсетуге жағдай жасау, - деп «Аққу» клубының жетекшісі Замзагуль Айтыбаева 1-жартыжылдықтың қортындысымен бөлісті.

Түсініктемелер қосу