Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесу
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Встреча с участниками декабрьских событий
|
Встреча с участниками декабрьских событий
|
2021 жылдың 14 желтоқсан күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тарихтағы ұлы күн» атты кездесуі өтті.
Тарихи кешке Павлодар қаласының Жас Дарын мамандандырылған мектебі, «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты», Абай атындағы №10 гимназиясы қатысты.
Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары мен бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға.
Осы көтеріліске қатысқан Павлодар қаласында тұратын жерлесіміз, тарихи оқиғаның куәгерлері № 19 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі – Сулеймен Қамажай Шәйкенқызы, № 22 ЖОББМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекишева Қарлыға Серікқызы кеш қонақтары болды.
Батыр ұстаздарымыз 30 жыл бойы жүрек түкпірлерінде сақтаған сол кезеңдердегі тарихи сәттен жүрек мұздар ащы шындықтармен естеліктерімен бөлісті.
Қамажай Шайкенқызы мен Қарлыға Серікқызы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, «Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке болып табылатынын айтты. - Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек, - деді кеш қонақтары.
-Бүгінгі шараның басты мақсаты оқушыларға Еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру, Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру, Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту, - деді шара ұйымдастырушысы Айнаш Сюендыкова.
Түсініктемелер қосу