Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21527437
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3453 8765 12218 21255117 22609 430355 21527437 Сіздің IP: 216.73.216.102
Уақыт: 2026-03-03 07:19:00
|
Оқушылар сарайында Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті
2021 жыл Қазақстан үшін мерейлі жыл. 1991 жылдың 16 желтоқсаны Еуразия құрлығының дәл ортасында жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен ерекшеленеді.
Оқушылар сарайында 2021 жылдың 3 желтоқсан күні өткен кездесуде Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастары еліміздің басты мерекесіне деген көзқарастары мен жеке жетістіктері туралы айтты. Кездесудің қонақтары: «Ертіс» облыстық телеканалының тілшісі Белгібаева Самал Қалиқызы, «Банк Центр кредит» АҚ кредиттік дирекция әкімшілігінің жетекшісі Хакимов Бахтияр Назарович, Павлодар қаласы «№4 арнайы мектеп – интернатының дефектолог-мұғалімі Бодак Кристина Викторовна, Тереңкөл ауданы, Агзам Текенов ат. ЖОМ-нің директоры Садыков Еркебулан Темірболатұлы болды. Тәуелсіздік құрдастары 30 жыл ішінде өмірде біршама жетістіктерге жетіп үлгерді. Кездесуге келген қонақтар облыс мектеп оқушыларымен жетістіктерімен бөлісіп, олардың кәсіби өсулері туралы әңгімеледі. Барлық оқушылар сұрақтар қойып, баға жетпес ақыл-кеңестер мен тілектерін алды. Қонақтар оқушыларға кітапты көп оқуға, алдарына биік мақсаттар қойып, армандарға жетуге тілек білдірді. -Тәуелсіздік құрдастары – жас қазақстандықтар елдің азат рухын бойына сіңіріп, өздеріне жүктелген жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарады, болашаққа нық сеніммен қарайды, - деді кездесуді ұйымдастырушы Асем Аипова. |














