«Баянауыл тауларының аңыздары» онлайн экскурсиясы
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор»
|
Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор»
|
2021 жылдың қазан айында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы және «Bilim Life» жастар YouTube каналы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының оқушылары үшін киелі «Баянауыл тауларының аңыздары» атты онлайн-экскурсия ұйымдастырды.
Баянауыл – сан ғасырлық тарихы бар, мыңжылдықтар бойы қалыптасқан ғажайып табиғаттың сырлары тұнған өлке. Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті.
Оқушылар экскурсияны тамашалай отырып, Баянауылдың «Ақбеттау», «Найзатас», «Жұмбақтас», «Сәкен шыңы», «Жеті ағайын», «Көгершін», «Кемпіртас» таулары және «Қоңыр әулие» үңгірі туралы аңыз-әңгімелерді тамашалайды. Онлайн-экскурсияға еліміздің атақты өлкетанушысы Алтынбек Құрманов, С.Торайғыров атындағы меомориалдық мұражайының басшысы Меңсұлу Нұрбаева, Шакен Айманов атындағы мектеп-интернатының тарих және география мұғалімі Ержан Рахимтаев, Ертіс-Кереку елінің жас ақыны Бәкіжан Кәкім қатысты. Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері Бақтияр Даниялов, Елдана Ержан, Аңсар Айдарбеков онлайн-экскурсияның жүргізушілері болды.
- Киелі Баянауыл жерінің сайы мен қыры, тауы мен тасы, терең тарихтан сыр шертеді. Осындай тамаша табиғаттың сырын, оның аңыз-әңгімелерін жас ұрпақ білу тиіс. Павлодар облысының оқушыларына арналған бұл біздің екінші экскурсиямыз. Біріншісі «Баянауылдың рухани мұрасы» деп аталған еді. Бұл жерде біз Баянауыл ауданының мұражайлары туралы айтқан болатынбыз, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, жобаның авторы Әсем Аипова.
https://youtu.be/1msEZH_5yaQ
Түсініктемелер қосу